Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тәуелсіздік күні: ақмолалықтар шаңғы жарысына қатысты - АРҚА АЖАРЫ

Тәуелсіздік күні: ақмолалықтар шаңғы жарысына қатысты

Ақмола облысының барлық өңірлерінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған шаңғы жарысы өтті. Акция қысқы спорт түрлері мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

Шаңғы жолы әр түрлі жастағы және әр салада еңбек ететін бір мыңнан астам ақмолалық шықты. Олардың ең жасы сегізде, ең үлкені 80 шамасында Жарысқа қатысушыларды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсет Бүкібаев құттықтап, жарыс жолында жеңіс тіледі.

«Барлығыңызға уақыт бөліп, осы жарысқа қатысқан үшін алғысы білдіремін. Жыл сайын осындай ауқымды спорттық іс-шаралардың куәсі болып келеміз. Жазда веложарыстар, марафондар өткіземіз, қыста коньки мен шаңғымен сырғанап жарысамыз. Бұл шаралардың барлығы өңірімізде бұқаралық спортты дамытуға ықпал етеді», — деп атап өтті Әсет Бүкібаев.

Шаңғы жарысының ең үлкен қатысушысы Валерий Сагайдачый 80 жаста. Қария спортпен шұғылданудың арқасында өзін керемет сезінетінін айтады.

«Мен шаңғымен мектепте айналыса бастадым. Содан бері жыл сайын шаңғы спортпен шұғылданып келемін. Осының арқасында өзімді сергек, жақсы сезінемін. Күн сайын таңғы жаттығудан кейін шаңғымен сырғанаймын. Жастарға спортпен шұғылдануға кеңес беремін», – деді ардагер споршы.

Айта кетейік, соңғы жылдары өңірде дене шынықтыру және спортпен айналысатын азаматтар саны артып келеді. Бүгінде бұл облыс тұрғындарының шамамен 36 пайызы спортпен айналысады. Облыс тұрғындарына спорт және жаттығу залдары, бассейндер, стадиондар және дене шынықтыру-сауықтыру орталықтары қызмет көрсетеді.

Тек осы жылдың өзінде спорт ғимараттарының саны 39 нысанға көбейді. Қазіргі уақытта олардың саны 2521 құрайды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар