Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жұқтырғандар да, көз жұмғандар да аз емес - АРҚА АЖАРЫ

Жұқтырғандар да, көз жұмғандар да аз емес

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Серік Құдабай елімізде пандемия орын алғалы 14511 қала тұрғыны COVID-19 індетін жұқтырғанын, оның 500-і осы аурудан көз жұмғанын баяндады.

Осындай келеңсіз жағдайларды болдырмау үшін қала тұрғындарына екпе салынуда. Бүгінге дейін 70 мыңға жуық адам вакцина алған. 12 жастан жоғары жасөспірімдерге, жүкті әйелдер мен бала емізетін аналарға «Комирнати» екпесі егілуде. Бұл вакцинаның тиімділігі мен қауіпсіздігі Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымымен дәлелденгендіктен, оны бір мыңнан астам көкшетаулық салып үлгерген. Соның ішінде 93 жеткіншек, 18 жүкті әйел мен 209 бала емізетін ана бар.

Тұрғындардың жалған вакцина куәлігін дайындауы салынған екпелерге деген сенімді жоғалтқызуда. Күні бүгінге дейін вакцинаның жалған куәлігін жасау бойынша 1 дерек тіркелген. Ал, екпе куәлігін заңсыз алғанын 23 адам өздігінен мойындаған екен.

– Кейін осы вакцина куәлігін заңсыз әзірлегендердің ішінде 6 адам коронавирус індетін жұқтырып, ауырғаны белгілі болды. Олар індет жұқтырғандардың тізіміне алынды. Сондықтан, өткен жылдың жаз және көктем мезгілдерінде осы пандемиядан орын алған келеңсіз жағдайлардың қайталанбауы үшін, барлығыңызды екпе салуға шақырамын. Жаппай вакцинациядан өткен жағдайда ғана отбасы мүшелері, жақындарыңыз бен әріптестеріңіз толық қауіпсіздікте болмақ, – деді қала әкімінің орынбасары.

Қалада ревакцинация ісі де қарқын алған. Бір ай бұрын басталған ревакцинациядан 3775 адам өтіп үлгеріпті. 80 мобильді топ жұмысқа кіріскен. Топ мүшелері күн сайын өздеріне бекітілген шағын аудандарға барып, мүмкіншілігі шектеулі адамдардың вакцинаны тікелей үйлерінде алуларына жағдай жасауда. Қоғам қайраткерлерін, депутаттарды, бизнес өкілдерін тартумен кең көлемде үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде. Вакцина салу үдерісін тездету үшін халықты ынталандыру да қолға алынған екен.

– Бүгінгі таңда «Гормолзавод», «Bizhan», «Нәтиже» серіктестіктерінде ет және сүт өнімдеріне, «Мечта» сауда үйінде тұрмыстық бұйымдарға мыңнан астам шегерім сертификаттары берілді. Мейрамханалар мен сән салондарына баруға 10 мың теңгелік 30 сертификат, бассейн мен тренажерлық залға тегін кіруге арналған 100 абонемент, қала автобустарында тегін жүру үшін 10 жол-көлік кәртішкесі табыс етілді. Жалғыз басты адамдарға 100 азық-түлік пакеті ұсынылды. «Discovery-Бурабай» демалыс орнына 2 жолдама берілді. 18 қарашадан бастап Египет еліне 2 адамға арналған жолдама мен тағы да басқа құнды сыйлықтар ойнатылып жатқанын ерекше атап өткім келеді, – деді Серік Құдабай.

Бұған қоса, қала бойынша санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың және карантиндік шаралардың сақталуын тексеру мақсатында мобильді бақылау тобының мүшелері 8 мыңнан астам нысанға тексеріс өткізген. Солардың ішінде санитарлық талаптарды бұзған 186 дерек тіркелді. Сондай-ақ, «Ashyq» жобасы арқылы 668 қала тұрғынының санитарлық талаптарды бұзғаны анықталып, олардың 243-іне әкімшілік құқың бұзушылық туралы құжаттар толтырылды. Айыппұл салынғандары да бар.

Айгүл Бекетқызы,
«Арқа ажарының» газетінің өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар