Ақмола облысындағы тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу көлемі

2021 жылғы қаңтар-қазанда тамақ өнімдері мен сусындарды ұсыну және көлік құралдары мен мотоциклдерге техникалық қызметтерге, жөндеуге жұмсалған қаржының көлемі 9638,2 миллион теңгені құрады.

2021 жылғы қаңтар-қазанда бөлшек сауда тауар айналымы 250755,3 миллион теңгені құрады және 2020 жылғы тиісті кезеңге 0,5 пайызға көбейді.
Дара кәсіпкерлерден сатып алу есебінен алынған бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 133742,1 миллион теңгені құрады, тұрақты бағамен бұл көрсеткіш 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,4 пайызға азайды.

Дара кәсіпкерлердің бөлшек сауда тауар айналымының үлесіне тауар айналымның жалпы көлемінің 53,3 пайызына келеді. Сауда кәсіпорындарындағы бөлшек сауда тауар айналымының көлемін сатудың барлық арналары бойынша тауар айналымның жалпы көлемінде 46,7 пайызды құрады (117013,2 миллион теңге) және 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тауар айналым көлемі 18,7 пайызға көбейді.

2021 жылғы қаңтар-қазанда көтерме сауда тауар айналымы 465913,1 миллион теңгені құрады немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,8 пайызға көбейді.

2021 жылғы қаңтар-қазанда тамақ өнімдері мен сусындарды ұсыну, көлік құралдарына және мотоциклдерге техникалық қызметтер көрсету, жөндеуге жұмсалған қаржының көлемі 9638,2 миллион теңгені құрады.

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақмола облысы бойынша департаменті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар