Біздің веб-сайт жұмысты жақсарту және жарнамаларды көрсету үшін cookie файлдарын пайдаланады (бар болса). Біздің веб-сайтта Google AdSense, Google Analytics, Youtube сияқты үшінші тараптардың cookie файлдары болуы мүмкін. Веб-сайтты пайдалану арқылы сіз cookie файлдарын пайдалануға келісесіз. Біз Құпиялылық саясатымызды жаңарттық. Біздің Құпиялылық саясатымызды тексеру үшін түймені басыңыз.

Омикрон штамы бірнеше айда бүкіл әлемге таралады

Омикрон штамы бірнеше айда бүкіл әлемге таралады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Эпидемиологиялық жағдайға әсер ететін жағымсыз факторлардың бірі – әлемде омикрон штамының жылдам таралуы. Омикрон қарашада 16 елден табылса, ал бүгінгі күні ауру әлемнің 110 елінен анықталды», – деді ол. Жандос Бүркітбаевтың атап өтуінше, омикронның таралу коэффициенті жоғары, ол 1:5 тең.

Сонымен қатар қайта жұқтыру қаупі де өте жоғары болып тұр. «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша ауру бірнеше ай ішінде бүкіл әлемге таралады», – деді Жандос Бүркітбаев.

Дереккөз: www.inform.kz

Loading

By Арқа ажары

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар