Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жас қазақстандықтар отбасы, достық және денсаулықты басты құндылықтар деп санайды - АРҚА АЖАРЫ

Жас қазақстандықтар отбасы, достық және денсаулықты басты құндылықтар деп санайды

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында қаралған «Қазақстан жастары – 2021: Тәуелсіздіктің 30 жылы» атты ұлттық баяндаманың тоғызыншы шығарылымы аясындағы талдау барысында жастардың қазіргі дамуының бірнеше маңызды сипаттамалары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осылайша, жастардың негізгі құндылықтары соңғы 5 жыл бойы өзгеріссіз қалды. Өткен жылдардағыдай жастар арасындағы басты құндылық отбасы — 82,5%, екінші орында денсаулық – 45,6%, үшінші орында достық — 23,1%.

Сауалнамаға қатысқан жастардың 72,3% өздерінің денсаулықтарын мықты деп санайды, 44,8% үнемі профилактикалық тексеруден өтеді. Жастарды бұқаралық спортқа тарту процесінде де оң динамика бар екенін атап өткен жөн. Жастардың 60,9% спортпен жүйелі түрде шұғылданады. Сондай-ақ, ғылым саласында да оң динамика байқалады: соңғы 9 жылда 35 жасқа дейінгі ғалымдар саны 21% артты.

Жалпы, жастардың 78% болашаққа зор сеніммен қарайды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар