Дәурен Абаев Тәуелсіздіктің 3 негізгі жетістігін атады

ҚазАқпарат – ҚР Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев 30 жылдағы жетістіктердің үш тағанын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тәуелсіздіктің 30 жылдығын күрделі кезеңде атап өткенімізді білесіз. Пандемия әлі басылған жоқ. Онсыз да экономикаға, азаматтардың әлеуметтік тұрмысына да қатты әсер еткен болатын. Несін жасырамыз, жалпы оптимизим деңгейіне ауыр соққы болды. Мұндай сәттерде қарапайым адами өкініштерді түсінуге болады. Сынап-мінеуге, нигилизмге ұрыну оңай мұндайда. Бірақ бұл әділетсіз. Біз қалыптасқан мемлекет құра алдық. 30 жылдың ішінде даму жолында үлкен қадам жасадық. Бұл жерде үш фундаменталды қорытындыны бөліп айтуға болады деп ойлаймын. Бірінші, біз бірлік пен келісімді сақтай алдық. Бұл туралы көп айтылып жүр ғой. Ол дұрыс та. Біз әрдайым жұдырықтай жұмылсақ қана дамуға қабілетті болатынымызды есте сақтауымыз керек. Қақтығыстардың, кемсіту мен бөлінудің апаратын жері белгілі», -деді ол «Ашық диалог» сұхбатында.

Айтуынша, екінші фундаменталды жетістік – азаматтарға деген қамқорлық. «Әлеуметтік саясатымызды сынай беруге болады. Бірақ біздегідей әлеуметтік пакеті ауқымды елдерді саусақпен санап алуға болады. Біз атаулы әлеуметтік көмек те беріп отырмыз. Бізде базалық медицина ақысыз. Жоғары оқу орындарына гранттар бөлініп келеді. Колледждерге түсу тегін. Бізде жеңілдікпен тұрғын үй несиесін алуға болады. Осындай көптеген шаралар бар.

Үшіншісі – реформаторлық рух. Көптеген өлшемдер бойынша біз ТМД елдерінің арасында бірінші орындамыз. Біз түрлі радикалды реформаларды бірінші болып жүргіздік. Тартымды инвестициялық климат қалыптастырдық. Түсінікті зейнетақы реформасын да бірінші біз жүргіздік. Электронды Үкіметті де бірінші болып құрдық. Иен далада қала салып үйрендік», – деген Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қазақстандық гандболшылардың көпшілікті сүйсінткен видеосын еске алды.

«Тәуелсіздіктің арқасында біз батыл, талапты, патриот жас буын тәрбиелей алдық. Мысал іздесек, алысқа барып қажеті жоқ. Жуықта ғана Испаниядағы гандболдан өткен Әлем чемипионатында біздің қыздар ескі Гимнді қосқан кезде абдырап қалмай, қазіргі мемлекеттік Әнұранды акапелло стилінде шырқап берді. Бұл сондай бір мега ерлік емес шығар. Бірақ жастардың өз елін мақтан тұтатынын, оның абыройы үшін күресуге дайын екенін көрсетіп берді», – деді Дәурен Абаев.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар