Қасым-Жомарт Тоқаев демонстранттарға үндеу жасады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алаңға шыққан демонстранттарға үндеу жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Үкімет өз өкілеттігінің аясында елдегі тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатымен Маңғыстау облысында сұйытылған газ бағасының әр литрін 50 теңгеге дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Демонстранттарды еліміздің тұтастығы мен бірлігіне сызат түсіруді көздейтін деструктивті топтардың үндеуіне құлақ аспауға шақырамын. Басқа да әлеуметтік-экономикалық талаптар ертеңгі елордада өтетін кеңес барысында жеке қарастырылады», – деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.

Еске сала кетейік, ертең 5 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға қатысты кеңес өткізеді.

Дереккөз: www.inform.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар