Маңғыстау облысында сұйытылған газ құны 50 теңгеге төмендетіледі — Үкімет комиссиясы Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https

Үкімет комиссиясы Ақтау қаласындағы Ынтымақ алаңына жиналған белсенділермен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде Ақтау қаласының бастамашыл тобымен келіссөздер барысында қабылданған шешімдер жарияланды. Атап айтқанда, «ҚазМұнайГаз»ҰК АҚ әлеуметтік жауапкершілігі аясында Маңғыстау облысында сұйытылған газ құнын төмендету және литріне бағасын 50 теңгеден белгілеу туралы айтылды.

Сондай-ақ, алаңда болған адамдарды жауапкершілікке тартпау туралы кепілдік берілді. Сондай-ақ, тараптар туындаған барлық мәселелерді сындарлы диалог аясында және қолданыстағы заңнама шеңберінде шешуге келісті.

Дереккөз: www.inform.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар