Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Қазақстан Ұлттық Банкі барлық қаржы ұйымдарының, соның ішінде екінші деңгейлі банктердің штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлайды.
ЕДБ-нің (екінші деңгейлі банктер) барлық банктік қызметтері – жалақы мен зейнетақыны, жәрдемақыларды есептеу және алу, оларды банкоматтар арқылы шешу секілді банк қызметтері үздіксіз жұмыс істеп тұр. Қаржы ұйымдарына тиесілі банкоматтар мен терминалдар қолма-қол ақшамен толық қамтамасыз етілген.
Қазіргі уақытта интернет желісіндегі жалпы іркілістерге байланысты банк қосымшалары мен төлем терминалдарының жұмысында уақытша кідіріс бар.
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарап жатқан – несиелерді есептен шығару туралы ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде хабарлаймыз.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Қазақстан Ұлттық Банкі азаматтар мен БАҚ өкілдерін тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырады.
Кеңселер мен филиалдардың жұмысына қатысты толығырақ ақпаратты банктердің Call-орталықтарынан білуге болады
Кеңес алу үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің +7 (727) 237 10 00 Call-орталығына және Қазақстан Ұлттық Банкінің 1477 қысқа нөмір бойынша байланыс-орталығына хабарласуға болады.
БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты келесі телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz