Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«ҚАСІРЕТТІ ҚАҢТАР» бізге сабақ болсын! - АРҚА АЖАРЫ

«ҚАСІРЕТТІ ҚАҢТАР» бізге сабақ болсын!

Қазақта «елің тыныш болса сен де тыныш боларсың» деген сөз бар. Сол рас екен! Жаңа жылдық мерекелі күндеріміз алаң көңілмен өтті.Әйтеуір Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың батыл әрі дұрыс шешімді жедел қабылдай білуінің арқасында Тәуелсіздік туы жығылмай қалды. Аса қауіпті жағдайлар болып жатты. Соның ең ауыры кісі өліміне жол берілгендігі еді. Ойланасың! Апыр-ай, осыншама қаруы бар содырлар Алматыға қалай және қайдан келіп лап қойды? Әрине, мұның барлығына да сараптау, талдау, ой мен көз жүгірту болары анық. Осы орайда Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде: «Еліміз душар болған ауыр қасіреттің себептерін саралап, оның салдарына нақты баға беру – алдымызда тұрған өте маңызды міндет»,-деп атап көрсетті.

Тағы да сабыр сақтап, жел сөзге ермей, бәрінің салдары мен себебінің анығы мен қанығы белгілі болған жағдайда ой қосармыз. Алайда, еліміздің батысы мен оңтүстігінде діннің жат ағымдары тарап жатқандығы және де олардың еркінсулеріне жол беріліп жатқандығы ертеден белгілі де болған-ды. Діни экстремизм ана бір жылдары Ақтөбеде бас көтеріп, бұл қауіптің бар екендігін аңдатып еді ғой. Экстремистік дін ағымдары өз еліміздегі әлдебір топтарға қажет те болды ма екен? Не де болса еліміздің қауіпсіздігі мәселесін ойлаған сәтте алдағы уақытта осы жайдың да есте болғаны керек.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев осы жолғы сөзінде халықтың ұзақ… тіпті де ұзақ жылдар бойы күткен сөзін айтты. Айтқанда да батыл әрі нақты айтты. Адалдық пен арды аттап кете алмайтын Қасым-Жомарт Кемелұлының «БІЗГЕ КЕРЕГІ АҚИҚАТ ҚАНА!» деген бір ауыз сөзінің түп-төркінін ұғына білсек Қазақстанда әділдік пен ақиқат жолы енді басталып, сол әділдік пен ақиқат күні енді туатын болады. Өйтпесе тағы да болмайды! Өйткені қалың бұқара қоғамды жайлап кеткен жемқорлықтан, әділетсіздіктен, прақорлықтан қажыды… талды… сақтары сынды… үміттері үзілді! Әділдігі мен адалдығы жоқ қоғамның сотынан сол әділдік іздеудің өзі бекершілік екендігіне көздері де жеткен қара халқтың салдары суға кетті. Амалдары таусылды. Қаңтар оқиғасының орын алуына да осы түрткі болған сыңайлы.

Елдегі осы бір дүрбелең күндері халықтың ортасында болдым. Жастарды сабырлы болуға шақырып, елдің талап тілегін тыңдадым. Көп жайды қарапайым халық дүрыс айтады. Мысалы, Қытайдан қоныс аударған азамат мына бір жайға назар аударды.

-Бізде жүйе жұмыс істемейді,-деді ол.

Осы жүйенің жұмыс істемейтіндігіне бұған көбіміз түсінбедік те, мән де бермедік.

-Жүйенің жұмыс істеуі дегеніңіз не?,-деп сұрақ қойдым жаңағы азаматқа.

-Ол былай, -деді .-Мысалы Қытайда тұрғанымызда жергілікті әкім әр отбасының неше баласы барына дейін білетін. Бір отбасы кедей тұрса, өзі келіп, өзге де мамандарды әкеліп, әлгі отбасының тұрмысын зерттейтін. Малын дұрыс баға алмай ма? Болмаса жем-шөбі жетпей жатыр ма? Сосын жаңағы кедейшілікте тұрып жатқан үйдің отбасын оның өзі сияқты кәсіпкерге апарып, соның тәжірибесін үйретіп алатын. Бір үйдің баласы бұзақылық жасаса, сол үйге педагог психолог жіберіп, бала тәрбиесіне дейін жергілікті әкім көңіл бөліп отыратын. Бізде өліп жатсаң да, ешкімге керегің жоқсың! Халықтың наразылығы да, айқай-шуы да осыдан шығады, -деді.

Ойланып қалдым! Жөн айтып тұр-ау осы азамат! Ендігі арада жүйенің жұмыс істеуін қолға алған абзал! Жүйе дегеніміз сол жүйенің әр тетігін қолына ұстап отырған кадрларымыз ғой! Ендеше кадрлар жұмыс істеуі керек!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Т оқаев әзірге халықтың екі иығынан басып, еңсесін көтертпей қойға біраз мәселелердің шешімін айтып, жаңа Үкіметке нақтылы тапсырма да берді. Сөз арасында айтар болсам, Әлихан Смайлов бастаған жаңа Үкімет енді өздерін халықтың Үкіметіміз деп жұмыс істеуге тиісті. Өйткен ол артосы билікке халықтың талабымен келгендерін бір сәтке де естерінен шығармағандары абзал.

Қазақ баласының өйткені Үкімет сенде хақы бар… кеткен есесі бар! Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бізге ауыл шаруашылығы да, мал шаруашылығы да қажет емес, ет керек болса Бразилиядан да әкеліп беремін деп Қажыгелдин бір шалқайды! «Болашағы жоқ ауыл» деген қаралы сөзді де Үкімет ойлап шығарды! Ауылының болашағы болмаса, сол ауылдың адамдары не істеуі керек еді ?! Жүгін жинап, қалаға көшті. Көшкен жоқ босты. Не үйі, не күйі жоқ қазақ баласының жүдеушілігі басталды, сенімі жоғалды.

Дамыған мемлекеттердің халқының барлығы да банктерден кредит алып өмір сүріп жатыр, сендер де солай күн көріңдер дегендеріңе де көніп, қазақ баласы кредитке байланып қалды. Шырмалып қалды. Халыққа айқын әрі түсінікті тілде қазақ экономикасының саясатын жасап бере алмады біздің Үкімет! Енді ойлан!

Президентіміз елімізде кең көлемді саяси реформалар жүргізіліп жатқандығын және ол жалғасатын мәлімдеді. Өте орынды! Өйткені қоғамды бюрократия кеселі жайлап бара жатқандығы және бұл кеселден бәріміздің де айығуымыз керектігін айтты,Ендігі арада сол саяси реформалардың табысты әрі нәтижелі болуы үшін көкейде жүрге өз ой-пікрілерімзді ешкімнің ар-намсысна тимей, биліктің құлағына байыпты жеткізе білейік. Біз «халық үніне құлақ асатын» қоғамда өиір сүріп жатырмыз. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде «Бәріміз бұл оқиғадан сабақ алуымыз керек.Ең бастысы, береке-бірлікті, тыныштық пен тұрақтылықты сақтауымыз қажет.Енді, Қазақстанда дамудың жаңа кезеңі басталады.Бұл шынайы жаңару кезеңі болады»,-деп сенімді айтты. Қазақстандықтар біз де, еліміздің шынайы жаңару кезеңі басталып кеткендігін біліп, танып отырмыз!

Иә, іске сәт қазақ елі!.

Жабал Ерғалиев,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,

Сенаторлар кеңесінің мүшесі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар