Біздің күшіміз – бірлікте

Еліміз сындарлы шақтың сынынан сүрінбей өтті. Тәуелсіздігімізге, тұтастығымызға қатер төнгенде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сарабдал, парасатты ақыл, қайрат-жігерінің арқасында ата-бабамыздың аңсаған азаттық туын уысымыздан шығармай ұстап қалдық. Осы оқиға, террористік шабуыл кезіндегі барша қиындық ел басына түскен ауыртпалықты шақта біздің қуат-күшіміз мызғымас бірлікте екендігін айқын көрсетіп берді.

Бүгін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінде ел өмірінде орын алып отырған жағдайды бүге-шігесіне дейін баяндай келіп, Премьер-Министр лауазымына ұсынылған Әлихан Смайыловтың кандидатурасын халық қалаулыларына ұсынып, ел болашағының айқын бағыт-бағдарын нұсқап көрсетіп, сара жолымызды салмақпен саралап берді. Еліміздің зиялы қауымы, білім саласының барлық өкілдері жарқын болашаққа кең жол ашыларына сеніп, ел Президентін қолдап отыр.

Ел Президенті көтерген мәселелердің барлығы халықтың көкірегінде жүрген сауалдар. Алдағы уақытта бірлік пен берекені молайтып еңбек етсек, қиындық атаулының бәрінен қиналмай шығарымыз сөзсіз. Халқымыздың ең асыл қасиеттерінің бірі әрі бірегейі ынтымақ-бірлігіміз арта берсін.

Құралай ЫДЫРЫСОВА,

Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің директоры.

Көкшетау қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар