Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Еуропа халқының 50% астамы коронавирустың «омикрон» штамын жұқтыруы мүмкін - АРҚА АЖАРЫ

Еуропа халқының 50% астамы коронавирустың «омикрон» штамын жұқтыруы мүмкін

Алдағы 1 – 1,5 айда Еуропа халқының 50% астамы коронавирустың «омикрон» штамын жұқтыруы мүмкін. АҚШ-та коронавирус жұқтырудың антирекорды тіркелді. ҚазАқпарат әлемдегі ахуал туралы Қазақстанда КВИ-дің таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналына сілтеме жасап хабарлайды.
Алдағы 6-8 аптада Еуропа халқының 50% астамы коронавирустың «омикрон» штамын жұқтыруы мүмкін. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық бөлімінің басшысы Ханс Клуге Вашингтон Университеті денсаулық көрсеткіштері мен бағалау институтының болжамына сілтеме жасап хабарлады.
Ол қазір Еуропа мен Орталық Азияның 50 елінде «омикрон» инфекциясы анықталғаны туралы мәлім етті. Австрия Канцлері ақпан айында коронавирусқа қарсы міндетті вакцинацияны енгізу жоспарын растады. Карл Нехаммердің айтуынша, тиісті заң жобасының парламенттік сараптамасы аяқталды.
Ұсыныстарды ескере отырып, құжатты «қабылдау» қалды. «Менің ойымша, міндетті вакцинация қажеттілігі күмән тудырмайды», — деді Нехаммер. Өткен тәулікте әлемде коронавирус жұқтырудың анықталған жаңа жағдайларының саны 3,28 миллионнан асты. АҚШ-та коронавирусқа шалдығудың тәуліктік саны бойынша барлық елдер арасында антирекорд тіркелді — 1,48 млн адам. Сондай-ақ Израильде COVID-19 жаңа жағдайларының ең көп саны анықталды – 37 887.

Дереккөз: www.inform.kz

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар