Жаңа 2022 жыл қазақстандықтар үшін өте күрделі және драмалық оқиғалардан басталды. Еліміз бұрын-соңды болмаған деструктивті күштердің агрессиясына тап болды. Ең үлкен мегаполис – Алматы және көптеген облыс орталықтары террористер мен қарақшылардың, арандатушылар мен мародерлердің қандықол әрекеттеріне ұшырады.
Қаншама қан төгіліп, адамдар зардап шекті…
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың дер кезінде және батыл іс-қимылдарының арқасында біз хаостың, террордың, заңсыздықтың таралуын тоқтатып, тәртіпті қалпына келтіре алдық. Бұл үшін өкінішке орай, полиция мен әскери қызметшілердің, жас қыршын сарбаздардың өмірі қиылды.
Мен де осы ауыр кезеңде қаза болғандардың барлық туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын, олардың Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын сақтау жолындағы ерлігін мақтан тұтамын.
«Nur Otan» партиясының мүшесі ретінде біздер, жалпы партияластар сол бір қорқынышты күндері Президентіміздің арандатушылыққа бой алдырмауға, сабырлық сақтауға және Отанымызға көмектесуге деген үндеуіне үн қосып, өз күштері мен мүмкіндіктерінің шамасына қарай азаматтардың тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысқа кірістік.
Біздің ауданның партия активі ауданның атқарушы және құқық қорғау органдарымен бірлесіп жағдайды тұрақтандыру үшін барлық шараларды қабылдап, халықпен кездесулер өткізді, патрульдеуге көмек көрсетті, тіршілікті қамтамасыз етудің барлық жүйелерінің жұмысына ықпал етті.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында Мемлекет басшысы сөз сөйлеп, қазақстандықтардың өмірін жақсарту бағытында көптеген ұсыныстар жасады. Ол өз сөзінде ел дамуының барлық негізгі бағыттары бойынша іске асырылып жатқан жобаларға сыни және кешенді талдау жасап, еліміздің жаңа Үкіметі мен мемлекеттік органдар жүзеге асыратын жұмыстардың басым бағыттары мен міндеттерін атап өтіп, халықтың мүддесін басшылыққа алып, халықтың табыс деңгейін жоғарылатуды қамтамасыз етуге және тұрмыс деңгейін сапалы жақсартуға бағытталған бірқатар әлеуметтік-экономикалық реформаларға тоқталды.
Біз барлығымыз Мемлекет басшысының елімізде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша алға қойған міндеттерін іске асыруға қатысып, жинақталған әлеуметтік және экономикалық проблемаларды жоспарлы әрі тиімді шешуге тиіспіз.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау, оның шешімдері төңірегінде топтасу – патриоттық міндет, әрбір қазақстандықтың жаны мен жүрегін патриоттықты шақыру.
Руслан ӘБДУАХИТОВ,
«Nur Otan» партиясының
Зеренді аумақтық филиалы
төрағасының бірінші орынбасары.