Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Халықпен бірге болды - АРҚА АЖАРЫ

Халықпен бірге болды

Нұротандықтар қасіретті қаңтардағы қаралы күндерге байланысты жарияланған төтенше жағдай кезінде өңірдегі қоғамдық тәртіпті орнатуға ат салысып, ұйымдық, кадрлық және басқа да ресурстарды бағыттады.

Ел басына күн туған қиын шақта нұротандықтар халықпен бірге алдыңғы шептен табылды. Көшбасшы партия ретінде «Nur Otan» өзінің барлық ұйымдық, кадрлық және басқа да ресурстарын елдегі тәртіпті қалпына келтіруге, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындауға жұмсады.

Елде қалыптасқан ахуалға орай партияның аумақтық филиалының активі нұсқаулық кеңестер өткізді. Нәтижесінде халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, депутаттар, белсенділер мен волонтерлар жергілікті жерлерде қоғамдық тәртіпті орнату үшін  әкімдіктер мен құқық қорғау органдарына көмек көрсетті. Барлық  аудандарда еріктілердің, оның ішінде «Jas Otan» партиясының белсенділері қатарынан «Халық сақшысы» қоғамдық ерікті жасақтары құрылды. Олар құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірлесіп, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында қала мен аудан орталықтарының көшелерін патрульдеді. Облыстық телеарна эфирінде күн сайын өңірдің белгілі азаматтары мен депутаттары, партияның облыстық филиалы спикерлерінің пулындағы ұйым белсенділері сөз сөйлеп, халықты сабырлыққа, бірлікке шақырды.

Партиялықтар заңсыз әрекеттерге бейім адамдармен жеке кездесулер де өткізді. Мәселен, партияның Зеренді аудандық филиалының бірінші орынбасары Руслан Абдуахитов партия активімен, Ортақ және Бұлақ кенттеріндегі қоғамдық пікір көшбасшыларымен бірге Көкшетау қаласындағы митингтерге қатысқан жастармен кездесті.

Жасотандықтар шағын және орта бизнес өкілдерімен бірге еріктілер тобын ұйымдастырып, облыс орталығының блок бекеттерінде қызмет атқарып жүрген полицейлерге ыстық шай мен тіске басар тағамдар жеткізді. Есіл ауданында «Nur Otan» партиясы мен «EsilTopTeam» спорт клубының депутаттары қайырымдылық акциясының демеушілері болды.

Мұндай игі істі Көкшетау қалалық мәслихат депутаты Әсия Шәрімованың қолдауымен «Jas Otan» жастар қанатының белсенділері және №1 құрылыс-техникалық колледжінің студенттері де қолдап әкетіп, блок бекеттерде қызмет атқарған 100 әскери қызметшіге ыстық шай мен нан таратты. Сондай-ақ, Көкшетау қаласының басқа да колледж студенттері, «Көкшетау минералды сулары», «Транстелеком» акционерлік қоғамдары, «Кәсіпкер» алғашқы партия ұйымының өкілдері блок бекеттердегі құқыққорғау органдарының өкілеріне үш рет ыстық тамақ жеткізу жұмысын ұйымдастырды.  Ал, Көкшетауға кіре берістегі бекеттерді орнатуға қаланың коммуналдық қызметі мен қалалық мәслихат депутаттары Олег Топорков пен Руслан Мәкішев қолдау көрсетіп, арнайы техникалар бөлді.

Көкшетау қаласында тұрақты байланыс болмай, ғаламтор уақытша өшірілгенде облыс орталығындағы қалаішілік автобустарда жол жүру бағасы 80 теңгеге  жеңілдетілді.

Партияның барлық аудандық және қалалық филиалдарының басшылары партия активімен бірлесіп, елордаға іргелес жатқан аудандар мен Қосшы қаласына баса назар аудара отырып, елдегі ахуалдың ушығып кетпеуі мақсатында халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Облыстық филиал жанынан 8(7162)25-63-93, 87780976308, WhatsApp 87757321210 жедел желі телефондарының жұмысы ұйымдастырылды.

Бибінұр ӘМІРХАНҚЫЗЫ,
«Nur Otan» партиясы  облыстық филиалының баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар