«Алтын тұғыр» республикалық олимпиадасының қорытындысы белгілі болды

Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» республикалық математикалық олимпиадасы Нұр–Сұлтан қаласында №70 мектеп –лицейінің базасында өтті. Ақмола облысынан олимпиадаға сегіз педагог қатысты. Олимпиада бастауыш сынып мұғалімдерінің зерттеушілік және шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасауға бағытталған.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, республикалық математикалық олимпиадаға қатысушылар математикалық және логикалық есептерді шешуде кәсіби шеберлігі мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

Олимпиада қорытындысы бойынша бастауыш сынып мұғалімдері келесі нәтижелерге қол жеткізді:

ІІ дәрежелі дипломмен Аршалы ауданының Түрген орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сницаренко Тамара Анатольевна;

ІІІ дәрежелі дипломмен Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Қоржынкөл ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Коровко Наталья Маратовна;

IІІ дәрежелі дипломмен Ерейментау ауданының Новомарковка ауылының Балабек Жахин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің басатуыш сынып мұғалімі Тілеулесова Динара Қайырбекқызы;

ІІІ дәрежелі дипломмен Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қараөткел ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Асқарова Ментай Талдықорғанқызы;

ІІІ дәрежелі дипломмен Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Абай Құнанбаев атындағы № 6 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Науменко Евгения Владимировна;

ҚР БҒМ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамотасымен Бұланды ауданы білім бөлімі Макинск қ. мектеп–лицейнің бастауыш сынып мұғалімі Ахметжанова Қарлығаш Кұттыбекқызы марапатталды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар