18 өңір – «қызыл» аймақта

Бүгінгі таңда Ақмола облысының 18 өңірі «қызыл» аймаққа еніп отыр, тек Жақсы ауданы ғана «жасыл аймақта». Осының салдарынан тұтастай облысымыздың өзі қайтадан «қызыл» аймақта тұр.
Өңірімізде соңғы тəулікте COVID-19 пандемиясынан зертханалық жолмен расталған 400 жағдай тіркелген. Оның 367 жағдайында қауіпті індеттің белгілері анықталса, 33-і ауруды тасымалдаушылар.
Бір тəуліктегі өсім 0,3 пайызды құрап отыр.
ЖРВИ белгілерімен емдеу кезінде 304 адамның осы індетті жұқтырғаны белгілі болса, 59-ы олармен байланыста болғандар екені анықталды. Сонымен қатар, 349 жағдай ересектер арасында тіркелсе, 51 жағдай 14 жасқа дейінгі балалар арасында байқалған. Коронавирус пандемиясына байланысты аудандарда тіркелген ауру жағдайларына
келсек, 83-і Бурабай ауданында, 64-і Степногорск қаласында,  51-і Көкшетау қаласында жəне 34-і Зеренді, 30-ы Аршалы, 27-сі Ерейментау, 25-і Бұланды аудандарында, 16-сы Қосшы қаласында, 12-сі Біржан сал, 11-і Астрахан, Жарқайың мен Атбасар аудандарында тоғыз тоғыздан, сегізі Ақкөл, жетеуі Қорғалжын, алтауы Целиноград,

бесеуі Сандықтау, үшеуі Егіндікөл аудандарында тіркеліп отыр.
Аурудың қауіптілігі қатты байқалып тұр. Өйткені, облысымыздың 18 өңірі «қызыл» аймаққа өтіп кеткені өкінішті-ақ. Сондықтан, сақтық шараларын неғұрлым естен шығармағанымыз дұрыс.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар