Мемлекеттік қызмет көрсету жұмысы жетілдірілу үстінде

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында тұрақты негізде бақылау іс-шараларын іске асырып келеді.

Департамент басшысы Берген Беспалинов Ақмола облысы бойынша мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) және «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалының Көкшетау қаласындағы № 2 бөлімінде болды. Ондағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығындағы автодромның жұмысына, сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігіне назар аударды. Сонымен қатар, Б.Беспалинов ХҚКО фронт-кеңселері дизайнының жаңа форматымен танысты. Кейін халыққа көрсетілетін қызметтер ыңғайлы болуы үшін ХҚКО-ның жұмыс принципін өзгерту жоспарлануда. Департамент басшысының айтуынша, пандемия да, төтенше жағдай режимі де мемлекеттік қызмет көрсету сапасына кері әсер етпеуі тиіс.

Бүгінгі таңда «Жүргізуші куәліктерін беру» және «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша олардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, есепке алу және есептен шығару, сондай-ақ, көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктер мен мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беру» сияқты мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу Еgov арқылы онлайн форматта жүргізіледі. Сондай-ақ, «Kaspi.kz» және «Homebank» мобильді қосымшалары да халыққа біршама ыңғайлы бола түскендерін атап өткен жөн.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар