Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Руслан Жақсылықов ҚР Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды - АРҚА АЖАРЫ

Руслан Жақсылықов ҚР Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды

ҚР Президентінің Жарлығымен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

«Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалсын», — делінген ҚР Президентінің жарлығында. Сонымен қатар Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.

Жақсылықов Руслан Фатихұлы 1966 жылы 4 наурызда Алматы облысының Қаскелен қаласында қызметшілер отбасында дүниеге келді. Ұлты – қазақ. I, II дәрежелі «Даңқ» орденімен, Түркия Республикасы Қарулы Күштерінің Орденімен және КСРО, ТМД, Қазақстан Республикасының 40 медалімен наградталған. Педагогика ғылымдарының кандидаты. Әскери атағы — генерал-лейтенант.

1983 жылы Алматы облысы Қаскелен ауданының Киров атындағы орта мектебін бітіргеннен кейін И.С. Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесіне командалық тактикалық басшылық мамандығы бойынша оқуға түсіп, оны 1987 жылы бітірді.

1996 жылы М.В.Фрунзе атындағы Әскери академиясын командалық-штабтық жедел-тактикалық әскери барлау мамандығы бойынша тәмамдады. 2004 жылы Ресей Федерациясы ҚК Бас штабы Әскери академиясында мемлекеттің әскери қауіпсіздігі мамандығы бойынша Жоғары академиялық курстарын аяқтады. 2003 жылы Шымкент қаласының мәслихаты 3-ші шақырылымының депутаты болып сайланды.

1987 және 2006 жылдар аралығында взвод командирінен бастап құрама командиріне дейінгі әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды. 2006 және 2007 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлері Қолбасшысының орынбасары. 2007 және 2008 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлері Қолбасшысының бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлер Бас штабының бастығы. 2008 жылғы 4 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлерінің Қолбасшысы.

2013 жылғы 22 қантардан бастап Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлерінің Бас қолбасшысы. 2014 жылғы 24 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланынының Бас қолбасшысы. 2021 жылғы 29 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің орынбасары – Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы. 2022 жылдың қаңтар айынан бастап ҚР Қорғаныс министрі.

Дереккөз: www.inform.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар