Ақмолалық команда республикалық кәсіби шеберлік байқауының жүлдегері атанды

Петропавл қаласында Солтүстік Қазақстан кәсіптік педагогикалық колледжінің ұйымдастыруымен энергетика саласындағы ТжКБ ұйымдарының оқытушылары арасында республикалық кәсіби шеберлік байқауы өтті.

Ақмола облысының намысын Щучинск қаласынжағы жоғары техникалық колледждің оқытушысы Иван Бондаренко мен Көкшетау қаласындағы жоғары техникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері Медет Тоқсанбаев қорғады.

Кәсіби шеберлік байқауына оқытушы немесе өндірістік оқыту шебері лауазымындағы педагогикалық өтілі үш жылдан кем емес екі адамнан құралған командалар қатысты.

Байқау екі модульден тұрды:
1. Тестілеу.
2. QElectroTech бағдарламасындағы жұмыс алгоритмін ауызша сипаттау бойынша диаграмма құру.

Біріншілік қорытындысы бойынша ақмолалық команда «Технологиялық жабдықтарды қолданудың үздігі» аталымының иегері атанды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар