Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бүгінен вакцина алсаңыз, ертеңгі күнгі аурудың алдын аласыз - АРҚА АЖАРЫ

Бүгінен вакцина алсаңыз, ертеңгі күнгі аурудың алдын аласыз

Ақмола облысында соңғы тәуліктерде COVID-19 инфекциясынан зертханалық жолмен расталған 420 жағдай тіркелді. Оның 375-інде қауіпті індет анықталса, 45-і олармен байланыста болғандар. Індеттің бір тәуліктегі өсуі 0,8 пайызды құрады.

Ағымдағы жылдың 12 -18 қаңтары аралығында өткен аптада COVID-19 инфекциясының 2303 жағдайы тіркелсе, соңғы аптада – 243, 9,4 есеге өскен, бұл 2060 жағдайға көбейген. Сондай-ақ, осы жылдың 1-19 қаңтар аралығында облыста барлығы 2704 адам инфекцияны жұқтырған, бұл 2021 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 2 есеге (1622 жағдай) өскенін көрсетеді.

Өңірдегі COVID-19-ға қатысты қолайсыз эпидемиологиялық жағдайдың негізгі себептері тұрғындардың бетперде режимін сақтамауы, халықтың белсенді көші-қоны, әлеуметтік қашықтықты және вакцинацияға салғырт қараумен байланысты. Ал, COVID-19-ға қарсы вакцинация және ревакцинация жасату – бұл қажеттілік және коронавирустық инфекциядан қорғаудың жалғыз тиімді жолы. Бүгін екпеден өтіп, ертеңгі күні аурудың жеңіл ағымын қамтамасыз етіп, ауыр асқынуларды жоюға болады. Осылайша, өзіңізді вакцинациялау арқылы сіз өзіңізді ғана емес, айналаңыздағыларды да қорғайсыз және ұжымдық иммунитетті қалыптастырасыз.

Қазіргі таңда өңіріміздің вакцинациялауға жататын халықының 70,5 пайызы, яғни, 337931 адам екпе алған, бұл жалпы халықтың 51,3 пайызын құрайды. Алайда, әлі де жеткіліксіз, ұжымдық иммунитетке қол жеткізу үшін облысымыздың барлық тұрғындарының 60 пайызын бір мезгілде вакцинациялау қажет. Өкінішке орай, біраз аудандарда оның ішінде Атбасарда 64,0 пайыз, Целиноградта 53,9 пайыз, Бурабайда 56,3 пайыз, Біржан салда 69,7 пайыз, Жақсыда 66,6 пайыз, Есілде 65,2 пайыз, Зерендіде 60,3 пайыз, ал, Көкшетауда 58,3 пайыз, Степногорск қаласында 59,6 пайыз болуы вакцинациямен қамтылудың әлі де төмендігін байқатады.

Бүгінде тұрғындардың көбі ресми, медициналық дереккөздерге емес, көптеген сенімсіз және жағымсыз ақпараттар жазылған әлеуметтік желілерге сенеді. Осыдан кейін адамдарда күмән туындап, кейде вакцинациядан бас тартуға немесе қабылдамауға әкелетін әрекеттер болады. Алайда, бізге тек толық вакцинацияланып, ұжымдық иммунды қалыптастыру ғана бұрынғы қалыпты өмірімізге оралуға мүмкіндік береді және вакцина алуға тез арада шешім қабылдауымыз керек. Сонымен қатар, вакциналардың екі компонентін де алған адамдарға, егер осыған дейін кері әсері болмаса, ревакцинациядан өту ұсынылады. Алдыңғы вакцинациядан кейін алынған иммунитетті тұрақты сақтайтын екінші вакцинация.

Қазіргі күні облыс бойынша 133 екпе салу пункті жұмыс істейді. Өткен жылдың 22 қарашасынан бастап өңірімізде 41 710 адам қайта вакцинацияланды. Тарқата айтсақ, оның ішінде 39657 адам QazVac екпесімен, 1724 адам Sinofarm (Hayat + VeroCell), 80-і Sputnik V, 27-сі CoronaVac, 222-сі Comirnaty Pfizer/BioNTech екпесімен вакцинацияланған.\

Бүгінгі таңда облыста ревакцинациялау үшін VeroCell және QazVac вакциналары қолжетімді. Pfizer вакцинасын 60 жастан асқан адамдар мен медицина қызметкерлері де ала алады. Сондай-ақ, ел азаматтарын коронавирустық инфекцияға қарсы егу үшін облысқа «Спутник Лайт» вакцинасы жеткізілетін болады. Бұл бір компонентті вакцина, ол қайта вакцинациялау үшін қолданылады, Н.Ф.Гамалея атындағы Ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми орталығы және Ресейдің тікелей инвестиция қорымен бірігіп жасалған. «Sputnik Light» вакцинасы Ресейде 2021 жылдың мамырында тіркелген.

Демек, «Sputnik V» препараты бірінші компоненті болып табылады. Ресейлік тікелей инвестиция қорының мәліметі бойынша, препараттың тиімділігі 79,4 пайызды құрайды. Бұл вакцинаның қауіпсіздігі бірқатар елдердегі нақты вакцинация деректерімен расталған. Оның ішінде БАӘ, Бахрейн, Аргентина, Ресей, Мексика, Сербия, Сан-Марино, Филиппин, Ливия, Парагвай, Венгрия, Әзірбайжан және Беларусь елдері бар.

Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 14 қаңтардағы№3 қаулысына сәйкес инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында карантиндік шектеу шаралары күшейтілді. Осыған байланысты карантиндік шектеу шараларды қатаң сақтауды,қоғамдық тамақтану орындарында және үйде ұйымдастырылатын бұқаралық іс-шараларға барудан, отбасылық, ас беруіс-шаралары (банкет, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас беру) және адамдар көп жиналатын басқа да іс-шараларды өткізуден бас тартуды сұраймыз. Бұл шаралар халық арасында коронавирустық инфекцияны жұқтыру және таралу қаупін жою үшін қабылданды.

Баршаңызды коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуына жол бермеу үшін санитарлық нормалар мен карантиндік талаптарды қатаң сақтауды сұраймыз. Халықтың негізгі бөлігі вакцинация қабылдамайынша және қайта вакцинацияланбағанша, қауіпті індет тоқтамайтынын түсінгеніміз абзал. Сондықтан, өзіңізге, балаларыңызға және айналаңыздағы адамдарға қамқорлық жасауды ұмытпаңыз!

Ақмола облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар