21 қаңтардағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оған сәйкес, «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан. «Сары» аймақта Түркістан облысы тұр. «Жасыл» аймақта ешқандай өңір жоқ.
Дереккөз: www.inform.kz