Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қосшыда Мемлекеттік кірістер басқармасы ашылды - АРҚА АЖАРЫ

Қосшыда Мемлекеттік кірістер басқармасы ашылды

Қосшы қаласында Мемлекеттік кірістер басқармасы құрылды. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңадан құрылған басқарма қала орталығында Республика көшесі, 3/3 үйде орналасқан. Ауданы 200 шаршы метрді құрайды. Бизнес үшін қолайлы жағдай жасау аясында жаңа мемлекеттік орган «Open space» форматында жұмыс істейді.

Салық төлеушілердің қолайлылығы және мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету үшін салық есептілігін қабылдау орталығында электрондық кезек жүйесі және халыққа қызмет көрсету саласындағы басқа да заманауи цифрлық шешімдер қолданыған.

Қосшы қаласында басқарма тіркеуге жататын салық төлеушілердің жалпы саны — 22 мың адам. Сонымен қатар, есепке тұру үшін салық төлеушілерге ешқандай өтініш жіберудің қажеті жоқ, бәрі автоматты түрде жүргізіледі. «Штат саны 12 қызметкерді құрайды. Мемлекеттік кірістер басқармасының құрамында 3 бөлім – салық төлеушілермен жұмыс бөлімі, салықтық бақылау және өндіріп алу бөлімі, сондай-ақ есеп, талдау және ұйымдастыру-құқықтық жұмыс бөлімі жұмыс істейді. Олар мемлекеттік қызметтің 44 түрін көрсетеді.

Бүгінгі таңда 400-ден астам салық төлеуші түрлі мәселелер бойынша түсініктеме алды. Жаңа мемлекеттік кірістер органы осы жылы бюджетке 1,4 млрд теңгеден астам салық жинауды жоспарлап отыр», — деп атап өтеді комитеттен. Айта кетерлігі, бұған дейін қала тұрғындары мемлекеттік қызметтерді алу үшін Қосшыдан 60 шақырым қашықтықта орналасқан Целиноград ауданының Ақмол селосының аудан орталығына жүгінуі қажет болатын.

Дереккөз. www.inform.kz/

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар