Ақкөл ауданының әкімі Юрий Курушин тұрғындарды қабылдап, олардың өтініш-сұрақтарын тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша тиісті бөлімдерге тапсырмалар берді.
Азаматтардың сұрақтары негізінен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына, атап айтқанда, тұрғын үй беру, денсаулық сақтау, жер мәселелері, жұмысқа орналасу, жылумен қамтамасыз ету және кейбір жеке мәселелер жөнінде болды.
Аудан басшысы барлық өтініштер мен ұсыныстарды мұқият тыңдап, қолданыстағы заңнама аясында шаралар қабылданатынын, орынбасарлары мен бөлім басшыларына тиісті тапсырмалар беретінін жеткізді.
Өңірде аудан басшысы алдын ала жазылу бойынша жұмыс кестесіне сәйкес, әр айдың үшінші сәрсенбісінде сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін қабылдау өткізеді. Сонымен қатар, тұрғындардың 8 (716 38) 2-10-05 телефоны бойынша аудан басшысына хабарласып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, оларды шешу жолдарын ақылдасуға мүмкіндіктері бар.
Ал, алдын ала жазылуды әкім аппаратының жалпы бөлімі жүргізеді. Осындай тұрғындар тілегі, өтініштері мен сұрақтарын тыңдау, тұрмыс-тіршілікте туындаған мәселердің мән-жайын біліп отыру кез болар қиындықтардың алдын алып, оларды дер кезінде шешіп отыруға жол ашады.
Мұрат Ахметжанов.
Ақкөл ауданы.