Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қауіпті індетті жоюға қарсы мониторинг жүргізу жалғасуда - АРҚА АЖАРЫ

Қауіпті індетті жоюға қарсы мониторинг жүргізу жалғасуда

Облыста карантиндік және шектеу іс-шараларының орындалуына бақылауды 207 мониторингтік топ жүргізеді.

«InfoKazakhstan» сайтының мәліметі бойынша, Ақмола облысында өз қызметін қайта бастаған 17 956 нысан, осы жылдың басынан 133 нысан сәйкестік актісін алған.

Ағымдағы жыл басталғаннан бері 176 рейдтік тексеру жүргізіліп, 569 нысан бақылауға алынып, 4 нысанда немесе 0,7 пайыз карантиндік шараларды бұзу фактілері анықталған. Сонымен қатар, бетперде режимін бұзғаны үшін жеке тұлғаға 45,9 мың теңге көлемінде бір айыппұл салынған. Оған қоса, Көкшетау қаласындағы «Қазақстан» мейрамханасындағы қоғамдық тамақтандыру нысанында жаппай іс-шаралар өткізудің және бір фактісі анықталғып, үйлестіру орталығынан бір жедел хабарлама мен жергілікті полиция қызметінен екі баянат түскен.

Соңғы апта ішінде, яғни, 18-24 қаңтар аралығында МТ 59 рейдтік тексеру жүргізіп, 199 нысан бақылауға алынып, бір карантиндік іс-шараларды немесе 0,5 пайыз бұзушылық анықталған. Ағымдағы жылғы 23 қаңтардағы жағдайға байланысты коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация бойынша облыста COVID-19 індетіне қарсы егу жұмыстарын жүргізуге барлығы 133 егу пункті жұмылдырылған.

Осыған орай, бірінші компонентпен берілген бес вакцинадан егу науқаны басталғаннан бері бірінші компоненттің 377 790 дозасы алынып, 340 152 адам екпе алған. Бұл вакцинацияға жататын халықтың 70,9 пайызын құрайды. Ал, екінші компонентпен 511 445 доза (5 вакцина) алынса, онымен 314 467 адам егілген. Бұл вакцинация алуға жататын жалпы халықтың санынан 65,6 пайызы.

Ревакцинация жасау барысында өткен жылдың 22 қарашасынан бастап барлығы 51 022 адам қайталап вакцинацияланған. Оның ішінде 44286 адам «QazVac» екпесімен, 4411 адам «Sinofarm (Hayat + VeroCell)», 1287-і «Спутник V», 32-сі CoronaVac, 1006-сы «Комирнати (Pfizer)» вакциналарын қабылдаған.

Қауіпті індетті жоюға қарсы мониторинг жүргізу жұмыстары әлі де жалғасуда.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар