Күн сайын 1000-ға жуық індет тіркелуде

Ақмола облысы бойынша күн сайын қауіпті індет жұқтырған 1000-ға жуық жағдай тіркеліп отырғанына алаңдаушылық туғызған облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қаншама адамның тізімге енбей үйінде емделіп жатқанында жеткізді.

Мамандардың айтуынша, бұл кезде екпе алмағандар қауіпті індетті жұқтыру барысында сырқаттану ауыр жағдайда өтіп, тіпті, өкпесі 40-50 пайызға дейін зақымдалады екен. Сондықтан, вакцинация мен ревакцинация жасату сырқаттанудың ауыр курсына жол бермейді. Оны жұмыс барысында да айналадағылардың бәрі ауырып жатқанынан жақсы байқауға болады.

Олардың кейбіреулері вакцина алып, ауырған жағдайда жеңілдігімен ауырып өтсе, ал, мүлде вакцинацияланбағандар дер кезінде дәрігерге жүгінулері керек екен. Өйткені, олардың асқыну қаупі де өте жоғары, соңы өлімге әкеліп соқтыратын жағдайлар кездесуде. Өздеріңіз байқап отырғандай, пандемия қайтадан қарқын алуда, індетті жұқтыру саны да тез өсуде. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті эпидемияға қарсы қызметтің тағы да келесі шараларын қабылдауға мәжбүр болуда. Алайда, енгізілген шектеулерді адамдар біркелкі қабылдамайтыны өкінішті-ақ.

Бүгінде Ақмола облысының реанимация бөлімшелерінде 24 емделуші болса, олардың барлығы вакцинацияланбаған. Осы қауіпті індетті жұқтыру жағдайындағы емделіп жатқандардың ішінде бес адамның жағдайы өте ауыр екен. Олардың бесеуі де қауіпті індетке қарсы екпе алмағандар. 19 емделушінің жас құрамы бойынша 79 пайызы 60 жастан асқан адамдар.

Көптеген адамдар қауіпті вирустың барына сенбей дәрігерлерді айыптауда. Бірақ, бұл адамдар өздері немесе олардың жақындары ауруға шалдығып ауруханаға түскенге дейін немесе жақындарын жерлеуге, постковидтық асқынулардан зардап шеккенге дейін сенбей, өкініп қалулары мүмкіні де даусыз. Оның үстіне қазіргі таңда ең жоғары жұқпалы «Омикрон» штаммы шықты. Бұл аурудың кезекті өсуінің №1 факторы болып табылады.

Біздің елімізде мемлекет вакцинация бағдарламасын ерікті негізде белгіледі. Алайда, вакцинацияланбағандар басқаларға өздерінің сенімдеріне сүйене отырып, халықтың арасында ұжымдық иммунды қалыптастыруға мүмкіндік бермей келетіні жасырын емес. Осы қате түсінік өзіне де, балалары мен бауырларына да зиянын тигізуде. Қоғамда адамдардың вакцинацияланбауы қателік екенін, қауіпті індетті жұқтыру тез екенін ұғынғанымыз жөн.

Вакциналардың қауіпсіздігіне қатысты: әлемде 9 миллиардтан астам вакцина дозасы жасалған. Осы соңғы толық екі жыл ішінде жеткізілген әрбір компонент электронды жүйелер арқылы бекітіліп, талданған. Осылайша үнемі өңделетін ақпараттың үлкен массиві қалыптасуда.

Вакциналардың анықталған жанама әсерлерінің саны өте аз. Бүкіл әлемде бірде-бір вакцина жеткілікті қысқа мерзімде коронавирус вакцинасы сияқты қарқынды сыналмаған. Біздің жанымызға жақын адамдарымыздың тірі және дені сау болуы үшін COVID -19 ауруының төмендету үшін, толық дем алу үшін мүмкіндігінше, тезірек ұжымдық иммунитетке қол жеткізуіміз керек. Ал, оның бірден-бір жолы – вакцинация жасату екенін естен шығармайық. Өйткені, өңірімізде күн сайын 1000-ға жуық індет тіркелуде. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

 338 Total Views,  2 Views Today

By Арқа ажары

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар