Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы кезеңі басталды

Облыста мектеп оқушыларының ұлттық бірыңғай тестілеуінің алғашқы кезеңіне қатысуға 2 мыңнан астам түлек өтінім білдіріпті. Бүгінде өңірде 2 тестілеу пункті әзірленген. Оның бірі облыс орталығында болса, енді бірі Атбасар қаласында орналасқан.

Былтырдан бастап елімізде мектеп бітірушілердің ұлттық тестілеуінің форматына өзгеріс енгізілген болатын. Содан бері оқушылар өз мүмкіндіктерін 4 рет сынауға құқылы. Әр сынақтың өзіндік ерекшелігі бар.

–Бұл тестілеудің айырмашылығы бар. Осы жолы тест тапсырғандар жоғары оқу орындарына тек ақылы бөлімге түсе алады. Осыдан кейінгі наурыз айындағы тестілеудің қорытындысы да осылай болады. Одан кейінгі тестілеулердің нәтижесі ғана мемлекеттік гранттарды алуға мүмкіндік береді. Осы тестілеуге қатысу да ақылы.

Биыл тестілеудің ақысы сәл қымбаттады, яғни, әр оқушы 5640 теңге төлеп қатысады, – дейді Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің жанындағы ұлттық тестілеу орталығының басшысы Қуаныш Мұхамеджанов.
Елдегі  эпидемиологиялық жағдайға байланысты тестілеу барысында санитарлық талаптар қатаң сақталып, қатысушылардың арасында кемінде 2 метр қашықтық қамтамасыз етілді. Аудиториялардағы оқушылар саны
50 пайызға қысқартылған.

Еске сала кетсек, биыл облыс мектептерінде 11 сыныпты 4617 оқушы аяқтамақшы. Олардың 2900-і немесе 62,8 пайызы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға ниетті.

Ырысалды ШАМШИЕВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар