Ақпанда ауа райы қандай болады

Ақпан айында еліміздің басым бөлігінде ауаның орташа температурасы климаттық нормадан 1-2° жоғары болады деп күтілуде. Бұл туралы ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл Иран мен Орта Азия аудандарынан жылы ауа массаларының шығарылуына байланысты болады. Еліміздің шығысында Таймыр мен Шығыс Сібір аудандарынан суық антициклонның ықпал етуіне байланысты ауа температурасы климаттық норма шамасында болады.

Ақпан айында жауын – шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында, ал Қазақстанның батысында, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аумақтардың таулы және тау бөктерлі өңірлерінде нормадан көп болжанады.

Бірінші онкүндіктің басында Сібір антициклоны Қазақстанның басым бөлігінде аязды және көбінесе аз жауын-шашынды ауа райын шарттайды, ал республиканың батысында Батыс және Оңтүстік циклондардың ықпалымен жауын-шашын (жаңбыр, қар), желдің 15-20 м/с дейін күшеюі, тұман және көктайғақ құбылыстары күтіледі.

Содан кейін циклонның солтүстік-шығыс бағытта ауысуымен республиканың қалған аумағында да жауын-шашынды және желді ауа райы күтіледі. Ақпанның бірінші онкүндігінің бірінші жартысында ҚР оңтүстігі мен батысында күндізгі ауа температурасының жоғарылауы күтіледі.

Дереккөз: www.inform.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар