Аталмыш білім ордасының 4-ші сынып оқушысы Өмірзақ Айлана мен ғылыми жетекшісі Харахат Қалемшаривқызы «Экодорбалар» тақырыбындағы ғылыми жұмысы бойынша авторлық құқыққа ие болды. Бұл тақырыптың басты мақсаты полиэтилен пакеттерді қолданудан бас тарту және оларды экодорбалармен ауыстыру.
«Қоршаған ортаны қорғау мәселесінде полиэтилен өнімдерін, оның ішінде пакеттерді де қайта өңдеу мәселесі ерекше өзектілікке ие. Бұл мәселені шешуде өзіміздің үлесімізді қосу мақсатында осы пакеттердің орнына экодорбаларды ұсындық. Зерттеу барысында түрлі материалдармен эксперимент жүргізіп, оның түріне және беріктігіне байланысты ең сапалы нұсқасын таңдадық», — деп атап өтті Айлананың ғылыми жетекшісі.
Экодорбалардың артықшылығы:
— Қайта пайдалану мүмкіндігі
— Экологиялық тазалық
— Ыңғайлылық, дизайн.
«Экодорбаларымыз ecolana_kz деген атаумен шығады. Eco және Айлана және де Қазақстанда жасалған деген мағына береді», -дейді Харахат Қалемшаривқызы.
Бұндай дорбаларды тұрмыста кеңінен пайдалануға болады. Қазіргі таңда дайындалған экодорбаларды Айлананың сыныптастары күнделікте өмірде қолданып жүр.