Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұжымдық даулардың саны артып отыр - АРҚА АЖАРЫ

Ұжымдық даулардың саны артып отыр

Облысымызда өткен жылдың екінші жартыжылдығында  ұжымдық даулардың саны 950 іске артқан. Оның 385-і бойынша іс аяқталмай, биылғы жылға қалдырылған екен.

Жалпы, ұжымдық дау дегеніміз жұмыс беруші мен қызметкерлер арасында шарттар мен келісімдер орындалмаған жағдайда және қолданыстағы заңнаманың ережелері мен шарттары бұзылған жағдайда қолданылады.  Сол себепті мұндай істер сотта қаралады. Бүгінде қатал бәсекелестік жағдайында дамып келе жатқан қазақстандық қоғамда инвесторлар мен бизнесмендер және бизнес қауымдастықтар құқықтық мемлекет жағдайына бейімделуге мәжбүр болады. Өйткені, жыл сайын орын алып жататын өзгертулер мен толықтыруларды назардан тыс қалдырмай, бақылап отыру оңай емес. Мұндай жағдайда қорғаушылар мен ұжымдық заңгерлердің рөлі аса маңызды.

Облыстық адвокаттар коллегиясының қорғаушысы Айгүл Жүнісова:

– Бизнес саласында еңбек ету үшін, алдымен, ерекше біліктілік керек. Оған қоса, өзгертіліп, толықтырылып отыратын нормативтік-құқықтық актілерді білу шарт. Қалай десек те, жауапкершілігі шектеулі серіктестік болсын, акционерлік қоғам болсын, ұжымдық дауларды шешетін өзінің заңгері болады. Бірақ,  дау туған кезде барлығы да қорғаушы жалдайды, – деген ол, осы орайдағы жұмыс ерекшеліктеріне тоқталды.

Ұжымдық дау акционерлер мен оның мүшелері арасында  немесе заңды тұлға басқармасының органдары мен қатысушылары арасында шаруашылық қызметті енгізу, басқару немесе басқа да сұрақтар бойынша туындауы мүмкін. Жалпы, барлық ұжымдық дауларға әркез мүлік негіз болады екен. Онымен қоса, қорғаушының айтуынша, келісім-шарттар бойынша заңгерлер құқықтық баға жүргізіп, олардың қаншалықты дұрыс жүзеге асып жатқанын бақылайды.  Өткен жылдың алты айында  мамандандырылған ауданаралық сотта 965 іс қарап, нақты шешімдер шығарылған. Олардың жартысынан көбі ұжымдық дауларға қатысты болған. Қазіргі таңда, ұжымдық даулар қазақстандық бизнесте де өте өзекті болып отыр. Ал, бұл бағытта сотқа жіберілген істер саны уақыт өткен сайын арта түсуде.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар