ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысының Қосшы қаласының сот органын құру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ақмола облысы Қосшы қаласының соты құрылсын», – деп жазылған Жарлықта. Осы құжатта Қосшы сотының судьялары болып кім тағайындалатыны да жазылған. «Мерзадинова Динара осы облыстың Целиноград аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; Халмурзаев Мұрат осы облыстың Бұланды аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып Қосшы сотының судьялары болып кім тағайындалды», — деп жазылған жарлықта.
Бұған дейін Қосшы қаласында Мемлекеттік кірістер басқармасы құрылғанын жазған болатынбыз.