Білікті жастардың лауазымы бойынша өсуіне көңіл бөлінуде

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметке талантты, кәсіби білікті және креативті жас мамандарды тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

Ақмола облысының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары мен департаменттің арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында мемлекеттік қызметке орналасу тәртібін түсіндіру бойынша жоғары курс студенттерімен ақпараттық жұмыс жүргізіледі. Атап өтсек, өңірде жас мемлекеттік қызметшілер мектебі жұмыс істейді, жұмыстың практикалық дағдыларын қалыптастыру мақсатында оқу бейініне сәйкес мемлекеттік мекемелерде студенттердің тағылымдамасы ұйымдастырылады, бос орындар жәрмеңкелері, кездесулер өткізіледі.

Жұмыс тәжірибесі жоқ жоғары оқу орындарының түлектері конкурстық іріктеуден өтіп, мемлекеттік қызметтің төменгі лауазымдарына орналаса алатынын атап өткен жөн. Алғашқы үш айда жас мамандарға олардың кәсіби бейімделуіне практикалық көмек көрсететін тәжірибелі тәлімгерлер бекітіледі. Сонымен қатар, жас мамандар ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының аймақтық филиалында қайта даярлаудан өтеді, бұл өз кезегінде олардың кәсіби өсуіне ықпал етеді.

Құзыреттердің жеткілікті деңгейі, жинақталған білім мен жұмыс тәжірибесі мемлекеттік қызметшілерге лауазымдық саты бойынша жылжуға мүмкіндік береді. Өз мансабын төменгі лауазымдардан бастаған басшылардың арасында осындай көптеген мысалдар бар, олардың ішінде қызметі өскен жас қызметкерлер де бар. Бүгінгі күні өңірдің бірқатар жас мемлекеттік қызметшілері басшылық лауазымдарды иеленген. Бұл деректер олардың күш-жігерлері кәсіптік тұрғыдан өздерін дамытуға деген мақсатқа бағытталғандығын көрсетеді.

Мысалы, Татьяна Ижбулатова 2018 жылдан бастап Жақсы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің басшысы қызметін атқарады, бұдан бұрын 2016 жылдан бастап бөлімнің бас маманы болып жұмыс істеді. Азамат Қайыржан 2019 жылдан бастап Атбасар ауданы Бастау ауылдық округінің әкімі, бұрын осы әкім аппаратында бас маман болып жұмыс істеген. Аршалы кенті әкімінің орынбасары Біржан Мұсабеков бұған дейін аталған мемлекеттік органның бас маманы қызметін атқарды. Көкшетау қаласы Краснояр ауылдық округі әкімінің орынбасары Серікжан Мақыш бұрын осы мемлекеттік органда бас маман болып жұмыс істеген.

Марал АТАМБАЕВА,

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Ақмола облысы бойынша департаментінің бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар