Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысының 2021 жылғы желтоқсан айындағы инфляция және қаржы нарығындағы ахуалы туралы - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысының 2021 жылғы желтоқсан айындағы инфляция және қаржы нарығындағы ахуалы туралы

Инфляция, базалық мөлшерлеме және алтын валюта резервтері.
Ақмола облысы Статистика департаментінің ресми деректері бойынша 2021 жылғы желтоқсан айында облыс бойынша тұтыну бағаларының индексі 2020 жылғы желтоқсан айына қарағанда 108,9% құрады, 2020 жылдың осы кезеңінде – 107,4%, республикалық мағынада, тиісінше – 108,4% және 107,5% құрады. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 9,8%-ға, азық-түлік тауарлары – 10,9%-ға, ақылы қызмет көрсету тарифтері 5,4%-ға қымбаттады.
2021 жылғы 26 қазаннан бастап 2022 жылғы 24 қаңтарға дейін базалық мөлшерлеме 9,75% құрады. 2022 жылғы 25 қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін базалық мөлшерлеме 10,25% құрайды.
Еліміздің алтын валюта резервтері бір айда 0,8%-ға азайды, 89,7 млрд. АҚШ долларын құрады, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жалпы халықаралық резервтері – 34,4 млрд. АҚШ долларын, Ұлттық қордың активтері – 55,3 млрд. АҚШ долларын құрады.
Облыстың қаржы нарығындағы ахуал.
2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Ақмола облысының банк жүйесінде облыс орталығында және облыс бойынша орналасқан қосымша ғимараттары бар екінші деңгейдегі банктердің 14 филиалы және «Қазпошта» АҚ Ақмола облыстық филиалы бар.
Валюта нарығы. 2021 жылдың желтоқсан айында АҚШ долларына теңгенің орташа алынған биржалық айырбастау бағамы 434,12 теңгені, еуроға – 490,51 теңгені, ресей рубліне – 5,88 теңгені құрады.
2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Ақмола облысында 68 айырбастау пункті, оның ішінде: 52 – банк филиалдарының, 13 уәкілетті ұйымның 16 айырбастау пункті (оның ішінде «Қазпошта» АҚ-ның – 4) жұмыс істейді.
2021 жылғы желтоқсан айында облыстағы айырбастау пункттері 19,3 млн. АҚШ долларын, 1,8 млн. еуро және 722,9 млн. ресей рублін сатты. 2020 жылғы желтоқсан айында – 11,7 млн. АҚШ доллары, 1,5 млн. еуро және 539,1 млн. ресей рублі сатылды.
Депозит нарығы. 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша банктердегі депозиттердің жалпы көлемі 258,7 млрд. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2020 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 23,8%-ға ұлғайды, өткен аймен салыстырғанда 8,3%-ға өсті.
Депозиттердің жалпы көлеміндегі теңгемен салынған депозиттердің үлесі 81,5% құрайды.
Теңгемен салынған депозиттер бойынша орташа өлшемді пайыздық мөлшерлеме – 7,46%, шетел валютасы бойынша – 0,82% болып қалыптасты.
Облыс халқының жан басына шаққанда депозиттердің орташа мөлшері 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 352,4 мың теңгені құрады.
Кредит нарығы. 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша экономикаға салынған кредиттік салымдардың жалпы көлемі 319,8 млрд. теңгені құрады, бұл көрсеткіш 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 31,8%-ға өсті, өткен аймен салыстырғанда 8,2%-ға өсті (2021 жылғы 1 желтоқсанға – 295,6 млрд. теңге).
2021 жылғы желтоқсан айында облыс банктерімен сомасы 45,0 млрд. теңгеге кредит берілді, бұл көрсеткіш 2021 жылғы қараша айымен салыстырғанда 2 есеге өсті.
2021 жылғы желтоқсан айында теңгемен берілген кредиттер бойынша орташа салмақтанған пайыздық мөлшерлеме – 13,2%-ды құрады.
2021 жылғы желтоқсанда теңгемен берілген кредиттердің үлес салмағы 75,0% құрады.
Тұтынушылық кредиттер. Банктердің тұтынушылық кредиттері бо-
йынша облыс халқының берешегі 116,3 млрд. теңгені құрады. 2021 жылғы желтоқсан айында халыққа берілген тұтынушылық кредиттердің мөлшері 2021 жылғы қараша айымен салыстырғанда 3,5%-ға өсіп, 12 186,0 млн. теңгені құрады.
Ипотекалық кредиттер. Банктердің ипотекалық кредиттері бойынша облыс халқының берешек сомасы 87,7 млрд. теңгені құрады. 2021 жылғы желтоқсан айында берілген ипотекалық кредиттердің мөлшері 5 489,8 млн. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2021 жылғы қараша айымен салыстырғанда 43,0% немесе 1 652,0 млн. теңгеге өсті.
Банктердің облыстың шағын кәсіпкерлік саласына салған кредиттік салымдары. Банктердің облыстағы шағын кәсіпкерлік саласына салған кредиттік салымдары 2021 жылғы 1 қаңтарға 55,2 млрд. теңгені құрады. 2021 жылғы желтоқсан айында 9 145,6 млн. теңге мөлшерінде кредит берілді. Бұл көрсеткіш 2021 жылғы қараша айымен салыстырғанда 2 есеге өсті (2021 жылғы қарашада – 4 543,0 млн. теңге берілді). 2021 жылғы желтоқсанда орташа салмақтанған сыйақы мөлшерлемесі 14,6% құрады.
Төлем карточкалар нарығы.
Облыс бойынша айналымдағы төлем карталарының саны 2021 жылғы 1 қаңтарға 1384 мың бірлікті құрады (алдыңғы аймен салыстырғанда 0,5%-ға өсті), бұл республикалық көлемнің 2,3% құрайды.
2021 жылғы желтоқсан айында төлем карточкаларын пайдалана отырып, жасалған транзакциялар көлемі 160 395,6 млн. теңгені құрады (өткен аймен салыстырғанда 14,9%-ға өсті). Транзакциялар саны 10 024,5 мың транзакцияны құрап, 10,2%-ға өсті. Қолма-қол ақшасыз төлемдер саны 9,4% өсіп, 9 167,1 мың транзакцияны құрады, сомасы 12,5%-ға өсті (мөлшері 106 158,7 млн. теңгені құрады). Қолма-қол ақша алу бойынша операциялар 20,4%-ға дейін өсті (транзакциялар саны 857,4 транзакцияны құрады), сомасы 20,1%-ға өсті (мөлшері 54 236,9 мың теңгені құрады).
2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша төлем карточкаларға қызмет көрсету желісі жалпы өңір бойынша мына түрде ұсынылған: 15 402 POS-терминал, 409 банкомат, 8 653 кәсіпкер; 13 209 сауда нүктелері.
Ұлттық Банкі Ақмола филиалының ақпараты бойынша.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар