Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Республикалық «Зерде» байқауында ақмолалық оқушылар үздік нәтиже көрсетті   - АРҚА АЖАРЫ

Республикалық «Зерде» байқауында ақмолалық оқушылар үздік нәтиже көрсетті  

Биылғы жылдың 9-11 ақпан аралығында Шучинск қаласындағы «Балдәурен» республикалық ғылыми-практикалық орталығының базасында  2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының XVII республикалық «Зерде» байқауының қорытынды кезеңі өткізілді.

Байқаудың мақсаты – зерттеулік әдептің дағдыларын жетілдіру және зерттеулік әдістерді дамыту арқылы бастауыш пен негізгі мектеп оқушылары тұлғалығының зияткерлік-шығармашылық әлеуетін дамыту, ерте мектеп жасынан оқушылар бойында зияткерлік шығармашылықты дамыту.

Байқауға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан, облыстардан, сондай-ақ дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру мекемелерінен 450-ден астам оқушылар қатысты. Ақмола облысының намысын 27 жобамен 29 оқушы қорғады.

Байқау қорытындысы бойынша Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының №1 мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушысы Ерасыл Қажымұқан «Химия, биология» секциясы бойынша Гран-при иегері атанды.

I дәрежелі дипломдармен келесі оқушылар марапатталды:

  1. «Математика, информатика» секциясы бойынша Захар Солодилов — Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Максимовка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 5-сынып оқушысы;
  2. «Физика, техника» секциясы бойынша Айбибі Әбдірайым — Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының әл-Фараби атындағы ІТ лицейінің 6-сынып оқушысы;
  3. «Химия, биология» секциясы бойынша Кәмилә Нұрмағамбет — Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының №7 мектеп-лицейінің 3-сынып оқушысы;

II дәрежелі дипломдармен төмендегі оқушылар марапатталды:

  1. «Математика, информатика» секциясы бойынша Нұрәлі Асан –Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының №6 мектеп-лицейінің 4-сынып оқушысы;
  2. «Физика, техника» секциясы бойынша Самат Шерікбай — Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Абай атындағы Бұлақсай ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы;
  3. «Химия, биология» секциясы бойынша Айзере Жұманазарова — Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Отрадный ауылының негізгі орта мектебінің 6-сынып оқушысы;
  4. «Тарих, өлкетану, этномәдениеттану» секциясы бойынша Шуақ Мақсұтбекқызы — Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Күншалған ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 3-сынып оқушысы;
  5. «Тарих, өлкетану, этномәдениеттану» секциясы бойынша Ернұр Жабал — Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының №1 мектеп-гимназиясының 6-сынып оқушысы;
  6. «Экология, валеология» секциясы бойынша Алёна Ломова — Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 5-сынып оқушысы;

III дәрежелі дипломдармен төмендегі оқушылар марапатталды:

  1. «Қазақ тілі мен әдебиеті» секциясы бойынша Диар Жұмабек — Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының №21 мектеп-лицейінің 7-сынып оқушысы;
  2. «Орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі» секциясы бойынша Зере Байқатова — Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Түрген ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 2-сынып оқушысы;
  3. «Орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі» секциясы бойынша Сағыныш Әлихан — Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының №9 мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы;
  4. «Орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі» секциясы бойынша Сергей Щербак — Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы;
  5. «Физика, техника» секциясы бойынша Роман Креймер — Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 4-сынып оқушысы;
  6. «Тарих, өлкетану, этномәдениеттану» секциясы бойынша Алдияр Қайыржанов — Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Мәдениет ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 3-сынып оқушысы;
  7. «Тарих, өлкетану, этномәдениеттану» секциясы бойынша Сана Шалғымбаева — Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Мәдениет ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 3-сынып оқушысы;
  8. «Тарих, өлкетану, этномәдениеттану» секциясы бойынша Гаухар Ирмашева — Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Баянбай ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 5-сынып оқушысы;
  9. «Экология, валеология» секциясы бойынша Мария Назарова — Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы білім бөлімі Макинск қаласының мектеп-гимназиясының 2-сынып оқушысы;

Грамотамен марапатталғандар:

  1. «Медицина, психология» секциясы бойынша Дмитрий Кинёв — Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының №1 мектеп-гимназиясының 3-сынып оқушысы;
  2. «Химия, биология» секциясы бойынша Каина Михайлюк — Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Каменка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 4-сынып оқушысы;
  3. «Тарих, өлкетану, этномәдениеттану» секциясы бойынша Меруерт Ғабдұлманап — Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының №17 мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушысы;
  4. «Тарих, өлкетану, этномәдениеттану» секциясы бойынша Жаклин Стерлигова — Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының №1 мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушысы;
  5. «Экология, валеология» секциясы бойынша Ансар Маратов — Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының №1 мектеп-гимназиясының 3-сынып оқушысы;
  6. «Робототехника» секциясы бойынша Максим Журавлев — Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы білім бөлімі Никольск ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы;
  7. «Робототехника» секциясы бойынша Асанәлі Ашимов — Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы білім бөлімі Никольск ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар