ҚазАқпарат – Төңкерісшілер елімізде қолға алынған реформаларға кедергі келтіруге тырысты. Бұл туралы «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасындағы сұхбаты кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сұхбат барысында тілші төңкерісшілер билікке неге қарсы шыққанын сұрады. «Мәселе мынада: төңкерісшілер елімізде қолға алынған реформаларға кедергі келтіруге тырысты. Тіпті Президентке де қарсы болды.
Өзгерістер олардың мүдделеріне тиімді емес еді. Өйткені, реформалардың басты мақсаты – әділетті қоғам орнату, монополияларды жою, саяси трансформация жасау, еліміздің экономикалық дамуын жеделдету.
Халық та осыны талап етіп отыр. Сондықтан, бағытымызды өзгертпейміз, реформалар міндетті түрде өз жалғасын табады», — деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.
https://www.youtube.com/watch?v=ndeu_OGbqQY&ab_channel=PTRKKZ