Ақмола облысында үздік психолог кабинеті анықталды

Ақмола облысында «Үздік психолог кабинеті» байқауы онлайн режимінде өтті, оған 28 білім беру ұйымы қатысты.

Іс-шара оқу-тәрбие процесінің тиімділігін арттыруда психолог кабинетінің рөлін күшейтуге бағытталған.

Ұйымдастырушылар айтқандай, практикалық психолог кабинеті — білім беру процесіне қатысушыларға психологиялық көмек пен қолдау көрсетудің бірыңғай жүйесінің бір буыны. Оның міндеті уақытылы білікті консультативтік-әдістемелік, психологиялық және психокоррекциялық көмек көрсету болып табылады.

2022 жылғы 16 ақпан күні Bolashaq saraiy-де «Ең үздік психолог кабинеті» облыстық сырттай конкурсының сараптама комиссиясының отырысы өтті, онда үш санат бойынша жеңімпаздар анықталды.

Мектепке дейінгі білім санатында:
I орын – Жақсы ауданы Запорожье ауылының «Айгөлек» бөбекжайы;
II орын – Ақкөл ауданы Ақкөл қаласының №3 бөбекжай-балабақшасы;
III орын – Жарқайың ауданы Пригородное ауылының «Балапан» бөбекжайы.

Жалпы орта білім беру санатында:
I орын – Бурабай ауданы Щучинск қаласының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі;
II орын – Жақсы ауданы Қийма ауылының Қ. Өскенбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі;
III орын – Көкшетау қаласының № 19 жалпы орта білім беретін мектебі.

ТжКОБ ұйымдары санатында:
I орын – Көкшетау қаласындағы, Жоғары техникалық колледжі;
II орын – Көкшетау қаласындағы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі;
III орын – Зеренді ауданы, Шағалалы ауылы, жоғары агротехникалық колледжі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар