Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жауынгерлік Ту құтқарушылар қолында - АРҚА АЖАРЫ

Жауынгерлік Ту құтқарушылар қолында

«Болашақ» сарайында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев және Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі, генерал-майор Юрий Ильин облыстық төтенше жағдайлар жөнінде департамент пен М.Ғабдуллин атындағы Көкшетау азаматтық қорғаныс академиясының басшыларына жауынгерлік Ту тапсыру салтанатына қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Облыс басшысы мен министр алдымен даладағы арнайы техникаларды көріп, одан кейін білім мекемесінің ішін аралады және ондағы оқушылардың игілігіне берілген заманауи құрал-жабдықтарды тамашалап, жас талапкерлерге ізденіс жолда сәттілік тіледі. Департамент пен академияға жауынгерлік Туды тапсыру салтанатына осы органдарының қызметкерлері мен оқытушылық-профессорлық құрамы, курсанттар қатысты. Жауынгерлік Туды салтанатты түрде департамент бастығы Нұржан Атығаев пен академия бастығы Сырым Шәріпханов қабылдап алды.

–Ту – бұл жауынгерлік мақсатты, тарихи жолды, бүкіл ұжымның еңбегін білдіретін ерекше құрмет белгісі. Жауынгерлік ту астында біздің қызметкерлер Отанымызды табиғи және техногендік төтенше жағдайларда қауіп-қатерден қорғау жөнінде ант береді, өздеріне үлкен жауапкершілік алады. Тәуелсіздік жылдарында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері көптеген ерліктер жасады, соның ішінде өз өмірін қиып кеткен ер-азаматтар да бар, – дей келе, министр Юрий Ильин департамент пен академияның жеке құрамдарына аталған бағытта атқарып жатқан жұмыстарына, оларды үнемі қолдайтын облыстық әкімдікке алғысын білдірді. –Құрметті әріптестер, Туды қабылдай отырып, Сіздер өздеріңізге мемлекет алдында жоғары міндеттемелер алудасыздар. Жауынгерлік ту астындағы қызметтеріңізге сәттілік пен табыс тілеймін, – деді ол.

Шарада өзінің лауазымдық міндеттерін атқаруда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгендері, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюдың мемлекеттік жүйесін дамытуға және нығайтуға қосқан үлестері үшін және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен Ақмола облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев, Целиноград ауданы Арайлы ауылындағы №22 өрт сөндіру бөлімінің жүргізуші қызметкері Талғат Рахов және Қабанбай батыр ауылының №22 өрт сөндіру бөлімінің №34 өрт бекетінің командирі Қуандық Жұмабеков марапатталды.

Облыс әкімі өз кезегінде төтенше жағдайлар қызметкерлеріне жыл сайын өңірде орын алатын көктемгі су тасқынының алдын алу мен жою шараларына белсене қатысып, қызыл су  тасқынын тежеуге бар күш-жігерлерін салып жүргендері үшін алғысын айтты.

–Бұл Ту тапсыру салтанаты азаматтық қорғаныс горнизоны мен М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғаныс академиясы үшін ерекше мереке. Туды қабылдау азаматтық қорғаныс органдарының қызметкерлеріне ерекше міндеттер жүктейді, – деген, аймақ басшысы былтыр аталмыш департаментпен бірлесіп, атқарған іс-шараларға тоқталып, материалдық-техникалық базаны жақсартуға 700 миллион теңге бөлінгенін, оған құтқару құрал-жабдықтары мен техникалар сатып алынғандығын алға тартты. Одан әрі бір топ төтенше жағдай қызметкерлеріне облыс әкімі атынан Алғыс хаттар тапсырылды.

Бұл күні министр күрделі жөндеуден өткен облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент пен М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғаныс академиясына болды.

Ырысалды Шамшиева,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суретті түсірген Айбек ДАНИЯРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар