Ақмола облысы Ерейментау ауданы Еркіншілік ауылының ішінде сілеусіннің жүрген видеосы «WhatsApp» мессенджері арқылы тарады, деп хабарлайды ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі.
Қар жамылғысының ұлғаюы нәтижесінде жабайы жануарлар азық іздеп елді мекендерге жақын жерлерге келуге мәжбүр. Мәселен, 2022 жылғы 17 ақпанда «Шошанова А.К» мен «Астана қаласы мен Ақмола облысының аңшылар мен балықшылар қоғамы ЖК», ҚБ қорықшылық қызметімен бірлесіп Еркіншілік ауылының аумағы тексерілді.
Болжам бойынша, жоғарыда аталған сілеусін орман алқабынан шыққан, өйткені оның азығы саналатын жануарлар (елік, қоян) елді мекендердің жанында жиналады. Тексеріс нәтижесінде сілеусін Еркеншілік ауылынан орман алқабы бағытына шыққандығы анықталды. Жағдай бақылауға алынды. Айта кетейік, ауыл тұрғындарынан үй жануарларына шабуыл жасалды деген шағымдар түскен жоқ.
Дереккөз: www.inform.kz