Тұрғындардың өздеріндегі істің жайы толғандырады

Ерейментау ауданына жұмыс сапарының барысындаАқмола облыстық мәслихатының әлеуметтік сұрақтар бойынша тұрақты комиссиясыныңтөрайымы Айнагүл Балташева Тайбай ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмысының барысымен танысты.

Атап айтқанда, жөндеу жұмысының уақытында аяқталуына қатысты сауалдар төңірегінде«ГрадСтройСервис» өкілдерімен кездесті.

–Елтай ауылының негізгі мектебінің бастауыш мектепке ауысуы ауыл тұрғындарын алаңдатып отырған өзекті мәселе.Аудандық білім бөлімі менТайбай ауылдық округі әкімшілігінің, ата-аналардың қарастырып келе жатқан мәселесі оң шешімін таппаған. Жаңа оқу жылына дайындық үстіндегі білім ошағының ұжымымен кездесуде бұл өзгерісті бір оқу жылына кейін шегеру жөнінде өтініштерін білдірді. Жолы жөнделіп, жарық тартылып жатқан ауыл мектебінің мәселесі бойынша жұмыс жүргізілетін болады, – деді Айнагүл Қыдырбайқызы.

Ерейментау ауданының Ақмырза ауылы Астана қаласынан 80 шақырым қашықтықта орналасқан.

–Соңғы кезде Ақмырзада халық санының өсуі қуантарлық жағдай. Сонымен қатар, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынған. Ал, өкініштісі, мәдениет үйінің болуы туралы мәселе оң шешімін таппай отырғандығы. Оған 25 жылдан бері апатты жағдайда тұрған қайта жаңартуға жатпайтын ескі ғимарат қарастырылған. Жастары бар, өркендеп келе жатқан ауыл мәдениетінің ауқымы тарылмасын десек,бұл мәселе назарға алынып, тиісті жұмыс жүргізілуі тиіс. Бүгінгі күні ауылдық әкімдік, кітапхана, медициналық мекеменің өз ғимараттарының болмауынан «Серноводск» ЖШС-нан ақылы кабинеттер жалдап отыр, – деді комиссия төрайымы.

Сонымен қатар,облыстық мәслихаттың депутаттары Айнагүл Балташева мен Умар Шоназаров«AMANAT» партиясы Жол картасының орындалу барысы аясында аудан орталығындағы 45 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй құрылысымен танысты.Осыдан пәтер аламын деген тұрғындарға банк ұсыныстарының қолайсыздық тудыратыны айтылды. Бұл мәселе қазіртұрақты комиссия мен «AMANAT» партиясы фракциясының бақылауында тұр.

Қарлыға МҰҚАТАЕВА,
Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар