Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Алда тұрған міндеттер – іскерлікке сын - АРҚА АЖАРЫ

Алда тұрған міндеттер – іскерлікке сын

«Nur Otan» партиясының облыстық филиалында аграрлық секторды дамыту жөніндегі Қоғамдық кеңес отырысы өтіп, партияның  «Nur Otan» партиясы» «Жаңғыру жолы: Әркімге лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының ауыл шаруашылығы саласында Жол картасы жобаларының жүзеге асырылу мәселелері қаралды. Жиында 2022-2023 жылдары инвестициялық жобалардың қолға алынуы жөнінде жауапты қызметкерлердің баяндамалары мен хабарламалары тыңдалып, талқыланды. Кеңес отырысына «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов қатысты.

Жиынды  облыстық мәслихаттың депутаты, Кеңес төрағасы Омар Шоназаров жүргізіп отырды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдіхалықов  қысқаша шолу жасап,  облыс бойынша ауыл шаруашылығы саласының 2021 жылды  негізгі көрсеткіштер бойынша ойдағыдай қорытындылағанын айтты. Целиноград ауданының әкімі Бақытбек Оспанбеков, Астархан ауданының әкімі Нұрлан Сейітов, Қорғалжын ауданының әкімі Берік Жанбаев өз аудандарындағы Жол картасы жобаларының орындалуы, инвестицияның тартылуы туралы есеп берді.

Целиноград ауданында қолға алынған істерге тосқауыл жоқ деуге болады.  «Ен дала» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сүт өндіретін фермасы 1000 бас сиыр ұстауға лайықталған. Ол үшін 25 гектар жер бөлінген. Ферма жылына 8000 тонна сүт өндірмек. 40 адам жұмыспен қамтылады. Жобаның құны 5 миллиард теңге. Негізгі ғимараттардың іргетасы құйылған. Бүгінгі таңда монтаждау жұмыстары жүріп жатыр. Құрылысты аяқтап, мал жеткізіп, жобаны іске қосу ағымдағы жылға жоспарланған.

Целиноградтықтардың 5000 бас малды бордақылауға арналған «Айбарыс» алаңының да құрылысы аяқталған. Осы жылы іске қосылып, бұл жерде де 10 адамға жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Форель және бекіре тұқымды балықтар өсіретін «Poseydon» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2022 жылдың қараша айында жұмысын бастамақ. Тұйықталған су жүйесімен жабдықталған, автоматтандырылған, жылына 5000 килограмм  бекіре уылдырығын дайындайтын «Aqua Factoria» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің фермасы да қараша айында іске қосылмақ. Бұл жобалардың жүзеге асуы ауданның экономикалық дамуына игі әсер етпек. Керісінше, Астрахан және Қорғалжын аудандарында Жол картасына енген кейбір жобалар тоқтап тұр.

Аудан әкімдері, тиісті мамандар онлайн режімінде қатысқан жиында ол жобалардың жай-күйі сұрастырыла келе, кейбір сұрақтарға жауаптардың мардымсыз болуынан, осы мәселе бойынша алдағы уақытта жан-жақты дайындықпен қайтадан Кеңес отырысын өткізу ұсынылды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе – облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының өткен жылды қорытындылауы, Жол картасы жобаларын  жүзеге асыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысы бойынша облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Еркеш Әленовтің баяндамасы тыңдалып, талқыланды. Ауыл шаруашылығындағы жетістіктерді баяндай келіп баяндамашы 83 ет өндіру, 4 сүт фермасының ашылуы, жаңа инвесторлар тарту, егіншілік өнімдерін 2021 жылғы деңгейден төмендетпеу жоспарланғанын  айтты.

Кеңес мәжілісін партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов қорытындылады.

Серік САПАРҰЛЫ,

 «Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар