Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жайылым мәселесі кешіктірілмей, толық шешілуі қажет - АРҚА АЖАРЫ

Жайылым мәселесі кешіктірілмей, толық шешілуі қажет

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы  басқармасының жер қатынастарын реттеу және үйлестіру бөлімінің басшысы Римма Қарымсақова «Жайылымдық жерлердің тапшылығы» деген тақырыпқа хабарлама жасады. Оның айтуынша, өңірдің аудандары мен қалаларында жайлымдық жер мәселесінің жағдайы толық сараланып, анықталып, туындаған түйінді сұрақтарды шешу туралы ұсыныстар жоғарыға жолданған.

Ақмола облысында барлығы 605 елдімекен бар болса, жеке аулаларда 811,4 мың ауыл шаруашылығы жануарлары тіркелген.Оның 250,6 мыңы ірі қара, 43,2-сі ұсақ мал, 12,8-і жылқы.  Демек,  тұрғындардың қолындағы осынша мал үшін жайылым керек.  Шындығы, қай ауылға барсақ, ауыл тұрғындары маңайларының бәрі жыртылып, егін егіліп тасталғанын, мал жаятын жер жоқ екендігін айтып, шағымданды. Өңірдің барлық аудандарында жекенің малы үшін жайлымдық жер жетіспейді. Әсіресе, Аршалы, Егіндікөл, Жақсы, Зеренді, Қорғалжын, Шортанды аудандары мен Степногорск қаласында бұл мәселе шарықтау шегіне жетіп тұр. Аталған аудандарда жайылымның жетіспеуі 100 пайыз болса, қалған аудандарда 58 пайыз және одан жоғары. Сондықтан, бұл – жұрт алаңдап отырған күрделі  мәселе .

Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі бұйрығына сәйкес жайылымдардыңтапшылығын есептеу нәтижелері бойынша 1,7 миллион гектар алаңда жеке ауладағы малды жаю үшін жайылымдық алқаптардың тапшылығы бар. Бұл цифр. Ал, оның артында малын жаюға жер таппай қиналған ауыл адамының дағдарысы тұр.

Жергілікті әкімдер қордаланған мәселені шешумен үнемі айналысып келеді. Мәселен, 2021 жылы бұл бағытқа төмендегідей шаруалар атқарылыпты:

33,0 мың гектар іргелес жерлер елдімекендердің шекараларына енгізілген. Баламалы жер учаскесін беру арқылы 2,1 мың гектар жайылымдық жер қайтарылып алынған. 0,7 мың гектар жерге келісім-шарт ерікті түрде бұзылған.

Жеке тұлғаларға шөп шабу және мал жаю үшін 14,7 мың гектар көлемінде жер берілген. 13, 0 мың гектар алқапта орман шаруашылығы мекемелерімен халықтың жайылымдарды пайдалануына рұқсат етілген шарттар жасалған;

Елді мекендерде жергілікті халықтың пайдалануы үшін 154,2 мың гектар жайылымдық жерлер бекітілген.

Сондай-ақ, әлеуметтік шиеленісті болдырмау мақсатында 2020 жылдан бастап қолға алынған шаралардың бірі – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен жерді бірлесіп пайдалану туралы меморандумдар жасасу. Қалалар, ауылдық округтер мен кенттер әкімдері 2022 жылға 545,6 мың гектар жерге  209 меморандум жасасқан. Осы жылы жергілікті атқарушы органдар елді мекендер шекарасына көлемі  18, 9 мың гектар жерді қосу жөнінде іс-шаралар жүргізуді және ауылдық округтерге 5,8 мың гектар жерді бекітуді жоспарлапты. Бұл мақсат жүзеге асырылса, тұрғындар үшін үлкен жеңілдік болмақ.

2018-2021 жылдар аралығында Шортанды ауылының Дамса ауылы, Зеренді ауданының Бұлақ, Шағалалы ауылдары, Целиноград ауданының Оразақ ауылы, Қорғалжын ауданының Қорғалжын ауылы тұрғындарынан жайылымдық жердің жоқтығы туралы арыздар түскен. Басшылар есігін тоздырып, ауызша шағымданушылар қаншама?..

Арызданған ауылдар мәселелері сол жерлерде жұмыс жасап жатқан жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, фирмалармен келісіле отырып шешілген.

Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын алға қойған міндеттерді іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 18-ші тармағында көрсетілген тапсырманы орындау үшін «Жеке қосалқы шаруашылық туралы» заң жобасы әзірленген. Ол заң ауыл әкімдерінің қарамағындағы  және қоғамдық пайдалануға арналған жер алқаптарының көлемін кеңейтуді, жеке қосалқы шаруашылықтардың кооперативтеріне жер бөлуді, шаруашылық қызметті жүргізу үшін қажетті инфрақұрылымы жоқ жерлерді игеру үшін жергілікті атқарушы органдарға өз бюджеттерінде осы проблемаларды шешу үшін шығыстарды көздеуге мүмкіндік беретін норма енгізуді көздейді.Бұл заң жобасы ҚР Парламент Мәжілісінің қарауында. Облыстық әкімдік тиісті орталық органдарға жерді пайдалану туралы заңды жетілдіру ж-н3нде ұсыныстар жолдады. Тұрғындардың барлық ұсыныстары, арыз-шағымдары ауыл шаруашылығы мен облыстық әкімшіліктің назарында. Президенттің тапсырмасымен Үкіметі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, депутаттар бұл мәселемен түбегейлі айналысуда. Демек, алда жайылымдық жер мәселесі шешіледі деген үміт бар.

Серік Жетпісқалиев,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

 Суретті түсірген Берік Ескенов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар