Қытайдың оңтүстігінде күн күрт суытып, 30 мың адам зардап шекті

-ҚазАқпарат – Дүйсенбі, сағат 17:00-дегі жағдай бойынша Гуанси-Чжуан автономды ауданында (ГЧАР, Оңтүстік Қытай) ауа температурасының төмендеуінен және аяздан 30 мың адам зардап шекті. Бұл туралы сейсенбі күні төтенше жағдайлар басқармасы аудандық ведомствосынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Зақым келген ауылшаруашылық жері 196 гектардан асады, соның ішінде 7 гектары толықтай құртылған. 18 ақпаннан бастап ГЧАР-дың басым бөлігінде нөсер жауған. Кейбір таулы аудандарда тасжол тайғақ болған, қар аралас жаңбыр жауған. Ведомствоның мәліметінше, тоғыз қалада және 23 ауданда қолайсыз ауа райынан келтірілген зақым 25,8 млн юаньды (4 млн АҚШ доллары) құраған.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар