Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа тәсілдері талқыланды - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа тәсілдері талқыланды

Облыс әкімінің орынбасары Қанат Ыдырысовтың төрағалығымен 2022-2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын және жергілікті атқарушы органдарда жобалық басқаруды талқылау бойынша кеңес өтті.

Кеңеске өңірдің мемлекеттік органдарының басшылары, сондай-ақ бейнеконференцбайланыс арқылы қалалар мен аудандардың әкімдері қатысты.

Жиында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл өңірлік департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Жақиялин мемлекеттік қызметшілерге ағымдағы жылғы ақпанда Мемлекет басшысы бекіткен алдағы 5 жылға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі ережелерін түсіндірді.

«Тұжырымдама сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі басты стратегиялық құжат болып табылады. Сондай-ақ, оны іске асыру бойынша іс-қимыл жоспары бекітілді, онда орындаушылар ретінде Агенттік те, басқа да мемлекеттік органдар анықталды. Бұған дейін Департамент бірнеше рет түрлі алаңдарда Тұжырымдама жобасын түсіндірген болатын, енді мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жетілдірудің негізгі бағыттарын одан әрі іске асыру үшін осы құжатты егжей — тегжейлі зерделеу қажет», — деді Айдос Жақиялин.

Сондай — ақ, кеңеске қатысушыларға жобалық басқару бағыттарының бірі-сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту, квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу сияқты жобалардан тұратын №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қарсы іс-қимыл» (ҮББ-4) үлгілік базалық бағытының негіздері егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Кеңесте атап өтілгендей, мемлекеттік аппараттағы жобалық басқару формализм мен бюрократияны болдырмауға, сол арқылы жұмыс тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Жобалық басқаруды іске асыру қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылдаған шараларының тиімділігін бағалау жүргізіледі, мемлекеттік органдардың рейтингі қалыптастырылады.

Кеңес қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдардың басшылығына сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмысты жандандыру, атап айтқанда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы мен ҮББ-4 міндеттерінің сапалы орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар