Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мақсат – үшжақты серіктестікті дамыту - АРҚА АЖАРЫ

Мақсат – үшжақты серіктестікті дамыту

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен облыстық әкімдікте әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссияның кезекті отырысы болып өтті.

Әлеуметтік әріптестікке қатысушы тараптардың, мүдделі облыстық басқармалар мен департаменттердің өкілдері, аудан әкімдері – аудандық және қалалық комиссиялардың төрағалары әлеуметтік төлемдер бойынша ақпанның екінші онкүндігінің аяғында жыл басымен салыстырғандағы берешектің жағдайын талдады. Бірқатар өңірлерде 1 қаңтардан бастап міндетті зейнетақы жарналары, міндетті медициналық сақтандырудан аударымдар бойынша берешек сомасы өссе, басқаларында керісінше азайған. Ағымдағы төлемдерді есептемегенде қарыз 287 миллион теңгеден астам болса, бұл жыл басынан бері 40 миллион теңгеге қысқарып, 12 пайызды құраған. Осы орайда әлеуметтік төлемдер бойынша берешек сомасы ондаған миллионды құрайтын ірі борышкер-кәсіпорындар аталды.

– Бұл борышкерлердің кімнің аумағында екенін барлық аудан әкімдері естіді деп ойлаймын, олардың әрқайсысын жеке пысықтау қажет, – деп атап өтті облыс әкімі, – Тоқсанның, содан кейін жарты жылдың қорытындысы бойынша жағдайды бақылайтын боламыз.

Отырыста облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарында әлеуметтік төлемдер бойынша қарыздарды өтеу, сондай-ақ, жалақыны көтеру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Отырысты қорытындылаған өңір басшысы Ермек Маржықпаев тиісті орындарға бірқатар тапсырмалар берді. Оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өтеу жұмыстарын тұрақты негізде жүргізу. Сондай-ақ, Ақмола облысы бойынша еңбек инспекциясы жөніндегі департаменті, аудан әкімдері жұмыс берушілер және жұмысшылар бірлестіктерімен бірлесіп, тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жандандыруды тапсырды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар