Жеңіске жетелеген жобалар…

«Дарын» ғылыми-практикалық орталығының өткізген жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық жобалар байқауында көкшетаулық зияткерлер төрт жүлдеге ие болды.

Шымқалада өткен ең ауқымды білім додасына ел мектептерінен 800-ге жуық оқушы өз ғылыми жұмыстарын ұсынды. Жаратылыстану-математикалық бағытта 389 жоба таныстырылса, қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша 208 авторлық еңбек қорғалды.

Көкшетаулық зияткерлер «Ғылыми-техникалық прогресс – экономикалық өсудің негізгі буыны ретінде», «Экономикалық және әлеуметтік процесстерді математикалық модельдеу», «Таза табиғи орта – «Казақстан – 2050» стратегиясын жүзеге асырудың негізі», «Қазақстанның тарихи ескерткіштері мен перспективалық туристік бағдарлар» бағыттар бойынша тың идеяларын ұсынып, әділ-қазылардың жоғары бағасын алды.

1 орын – Ерназаров Елдар, Салемова Хадиша. Жоба тақырыбы: «Создание смарт-системы для утилизации пищевых отходов», жоба жетекшісі – Мусагулова Бахыт Рашитовна

2 орын – Ахтанов Асанали, Касенова Камила. Жоба тақырыбы: «Коммерциялық бизнесте бет пен эмоцияны тану жүйесін қолдану», жоба жетекшілері-Сәду Анар Жанатқызы, Фомичев Евгений Юрьевич

2 орын – Куанышбеков Еділ. Жоба тақырыбы: «Алгебралық емес кездейсок сандар генерациясы негізінде шифрлау бағдарламасы», жоба жетекшісі-Зыкрина Сымбат Жумабаевна

3 орын – Мухамеджанов Абылайхан. Жоба тақырыбы: «SkillSat» Шағын ғарыш аппараты», жоба жетекшілері Канапов Қуаныш Бағдатұлы, Фомичев Евгений Юрьевич.

Ерназаров Ельдар мен Салемова Хадиша тамақ қалдықтарын қайта өңдеу және белгілі бір ағзалар мен микробтарды пайдалану арқылы оларды органикалық тыңайтқышқа айналдыру бойынша смарт-жүйе әзірледі.

– Республикалық байқау Шымкентте өтті. Ұйымдастырушылар өткізген экскурсия өте қызықты болды. Біз бірінші орынға ие болғанымызға қуаныштымыз. Жобамыздың жаңалығы датчиктерді біріктіру және жүйе бағдарламасын жазу арқылы тамақ қалдықтарын қайта өңдеудің қолданыстағы жүйелерін толық автоматтандырудан тұрады, – дейді Ельдар.

– Жобаны жазу идеясы жазда келді. Барлық идеяларымызды жинап, алгоритмді және сызбаны толық жазуға біраз уақыт қажет болды, – деді Хадиша.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар