Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Малдың терісі мен жүні қашан кәдеге асады?!. - АРҚА АЖАРЫ

Малдың терісі мен жүні қашан кәдеге асады?!.

Ақмола облыстық мәслихатының аграрлық және индустриалды- инновациялық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы болып, онда ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу мәселесі талқыланды. Жиынға облыстық мәслихаттың депутаты Омар Шоназаров төрағалық етті.

Алдымен, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Қасым Итқұсов баяндама жасады. Ол өткен жылғы ауыл шаруашылығы саласындағы өнім өндіру, сол игерген өнімдерді өңдеу жайына тоқталды. Негізінен бұл бағытта өңірде ілгерілеу бар. Жаңадан қолға алынып жатқан жобалар да жетерлік. Тек ұн өндіру ғана кейіндеп тұр. Ол сұранысқа байланысты. Ал, майлы дақылдар, сұйық май өніміне сұраныс ұлғайған. Сұйық май көрші облыстар ғана емес, шет елдерге де шығарылуда.

Баяндаманы талқылаған комиссия мүшелері бірқатар сұрақтар қойып, пікірлерін ортаға салды. Расында, ауыл шаруашылығы, оның ішінде малдан алынар өнімдерді өңдеуде әлі шешілмеген түйінді мәселелер жеткілікті.  Мәселен, қанша рет көтерілсе де, жылма-жыл мал терісі қоқысқа лақтырылып, қой жүні өртеліп жатыр. Дәл осы күрделі мәселе ретімен шешілмей келеді. Тері, жүн қабылдау орындары ашылып, олар өңделіп, тазаланып, соны қажет етіп,  күтіп отырған басқа кәсіпорынға жақсы бағамен өтікізіліп, пайда түсіп жатса, қандай жақсы болар еді?! Жүн иіріліп, киім-кешек тоқылып, теріден тондар тігіліп, сатылымға шығарылса. Мал сүйегінен сабын қайнатуды ұйымдастырса. Ет комбинаты ашылса, бірқатар түйін тарқатылар еді. Осындай үйлесімділік жүзеге аспай-ақ қойды. Жүн мен теріні, тіпті мал ішегін де  Монғолияға алып кетіп, пайдаға асырып жатқандар бар көрінеді. Теріні ана жылдары арзанға Қытай асырғанымыз да бар. Ендеше, өңін айналдырған өз шикізатымызды өзгеден  сатып алғанша, өзіміз неге игеріп, игілігін көрмейміз?

Өз облысымызда сүт өндіретін фирмалардың дені көрші облыстардан сүт жинап әкеледі. Бұл да қисынсыз. Олар неге алдымен сиыр фермасын ашып, соның өнімдерін пайдалануды ойламайды? Неге ең болмаса, маңайдағы тауарлы-сүт фермаларымен келісіп, бірлесе іс қылмайды?

Қомақты субсидия алу үшін суы жоқ, жайылымы жоқ, жемшөп тасымалдауға алыс жерлерден уақытша ферма ашып, қаражат қолына тигеннен кейін ол ферманы банкоротқа ұшыратып, қиындық туғызып жүргендер де бар. Сондықтан, осындай фермалар ашқанда олардың жер жағдайлары да қарастырылуы керек. Қой өсіремін деушілер оның терісі мен жүнін қайда жіберетінін ойлай ма?

Кеңес Зеренді ауданы әкімінің орынбасары Жеңіс Тәшенов, Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Дулатовтың да хабарламаларын тыңдап, күн тәртібіндегі мәселе бойынша мән-жайды анықтай түсті.

Тұрақты комиссия осындай-осындай қажетті тақырыптарды қозғап, өз ұсыныстарын жауапты органдарға жолдайтын болып келісті.

                                                               Серік Сапарұлы,

                                                     «Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар