Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өткен жыл қорытындысы биылғы жыл нәтижесіне негіз - АРҚА АЖАРЫ

Өткен жыл қорытындысы биылғы жыл нәтижесіне негіз

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығы атап өтілген мерекелі 2021 жыл артта қалып, жаңа жылдың алғашқы тоқсаны да аяқталуға таяп келеді. Осы орайда 2021 жылдың қорытындысынайтар болсақ, негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша ауыл шаруашылығынан басқа салаларда оң даму үрдісі сақталғанын көреміз.

Алайда, биылғы жыл өз күрделілігімен басталды. Қаңтар қасіреті, оның себептерін талдау бұрынғы үйреніп қалған ескі жұмыс дағдыларынан арылып, жаңаша әрекет етуді міндеттеп отыр. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға қатысты өткізген кеңесінде де осы жайында өте терең әрі нақты айтылды. Қазір қоғам тұтастығы – тәуелсіздігіміздің бір кепілі болса, халықтың жағдайын жасап, әл-ауқатын көтеру екінші кепілі болып отыр. Әсіресе, жаңа Үкімет қолға алып жатқан Президент тапсырмалары жергілікті жерлердегі мемлекеттік органдарға да жұмысты ширатуды міндет етіп қоюда. Осы туралы айтқанда, соған негіз болатын өткен жылдың басты көрсеткіштерін де атап өтпей болмайды.

Айталық, облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары өндірістің 9,5пайызға, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде9,8 пайыз өсімге қол артты.Тау-кен өндіру өнеркәсібінде«Алтынтау Көкшетау» акционерлік қоғамында құрамында алтыны бар кендерді өндіру көлемі 27 пайызға ұлғайды,Ерейментау ауданының «Көмір ресурсы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің көмір өндіру көлемінің өсуі 1,6 есе болды.Өңірлер бөлінісінде нақты көлем индексінің ең жоғарғы өсіміКөкшетау қаласы, Бұланды және Аршалы аудандарында байқалды.Сонымен қатар, Қорғалжын, Бурабай, Атбасар, Шортанды, Ақкөл, Астрахан, Зеренді, Сандықтау және Жақсы аудандарында өнеркәсіп өндірісінің көлемі төмендеді.Кәсіпкерлікті қолдау Картасы бойынша 88,6 миллиард теңгеге 9 жоба жүзеге асырылып, 564 жұмыс орны ашылды.

Алда кәсіпкерлік және туризм басқармасы, өңірлердің әкімдерімен, өнеркәсіп кәсіпорындарының басшыларымен бірлесіп индустрияландыру картасы бойынша жоспарланған 10 жобаны іске қосуды қамтамасыз етулері,9 өңірде қосымша резервтер іздестірулері керек.Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлем индексі 88,9 пайызды құрады.Нақтылы көлем индекстің өсуіне Бұланды, Ерейментау аудандарында, Степногорск және Көкшетау қалаларында қол жеткізілді.

Жалпы облыс бойынша көрсеткіштің төмендеуіне облыстың 15 ауданында: Жарқайың, Біржан сал, Сандықтау, Есіл, Жақсы, Атбасар, Қорғалжын, Шортанды, Аршалы, Зеренді, Астрахан, Егіндікөл, Целиноград және Бурабай аудандарында нақты көлем индексінің төмендеуі әсер етті. Мал шаруашылығы саласында нақты көлем индексі 111,6 пайызды құрады, оған сиыр, қой және ешкі, құс басының өсуі, ет және сүт өндірісі есебінен қол жетті.Сонымен қатар, 2018 жылғы наурыздан бастап шошқа басының төмендеуі және 2019 жылғы шілдеден бастап жұмыртқа өндірісінің төмендеуі жалғасуда.

Азық-түлік белдеуін дамыту шеңберінде 30,7  миллиард теңгеге 45 жоба іске асырылды.Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы өңірлердің әкімдерімен бірлесіп, нақты көлем индексі ағымдағы жылы 100 пайыздан астам қамтамасыз ету мақсатында көктемгі егіс жұмыстарына уақытылы және сапалы дайындықты қамтамасыз етулері,мал шаруашылығы саласында ет және тауарлы-сүт фермаларын құру, еттің экспорттық әлеуетін дамыту жөніндегі жұмысты жалғастыруылары,жобаларды уақтылы енгізу бойынша жұмысты жалғастыруүшін азық-түлік белдеуі аясында ет пен сүтті қайта өңдеуге бағытталған жаңа жобалар әзірлеулері керек.

2021 жылы «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында кәсіпкерлердің іскерлік белсенділігін қолдау үшін 7,2 миллиард теңге бөлінді, оның ішінде игерілгені 7  миллиард теңге немесе 97,9 пайыз.1173 жаңа жоба бойынша субсидиялау басталды. Жаңа жобалар үшін несиеге 30,8 миллиард теңге, 4,5 миллиард субсидия төленді, 10,8 миллиард теңгеге 464 несие кепілдендірілді, жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізу бойынша  1,4 миллард теңгеге 10 жобамақұлданды.Нәтижесінде жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саныжәне орта бизнес 4,3 пайызға  ұлғайып, 6,5 мың жаңа жұмыс орны құрылды.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына өңірлердің қатысуына келсек, өткен жылдың қорытындысы бойынша жоспарлы көрсеткіштерін Көкшетау қаласы, Есіл, Жарқайың, Астрахан, Жақсы, Аршалы, Бурайбай және Целиноград аудандарында асыра орындалды.  Ерейментау, Сандықтау, Қорғалжын, Егіндікөл аудандарында, Степногорск қаласында бірде-бір жоба іске асырылған жоқ.Кәсіпкерлік және туризм басқармасы өңірлердің әкімдерімен бірлесіп, кәсіпкерлердің мемлекеттік қолдаудың барлық құралдарын барынша пайдалануы есебінен бизнес субъектілерінің санын ұлғайту жөніндегі жұмысты жалғастыруы қажет.Өңірлердің әкімдері «Қарапайым заттар экономикасы» бағдаламасы бойынша  жоспарлардың орындалуын қамтамасыз етуге тиіс.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлем индексі 109,8 пайызды құрады.Ақкөл, Сандықтау, Жақсы және Бурабай аудандарында инвестицияның айтарлықтай өсуі байқалды. Инвестициялардың төмендеуіне Целиноград және Бұланды аудандарында жол берілген.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 15,8 пайызға өсті. Көрсеткіштің ең көп өсуі Степногорск қаласында, Қорғалжын және Жақсы аудандарында қамтамасыз етілді. Нақты көлем индексі ең көп өсуі Сандықтау, Ерейментау, Шортанды және Ақкөл аудандарында байқалса, төмендеуі Есіл, Жарқайың, Жақсы, Бұланды, Атбасар, Зеренді аудандарында тіркелді.

Азық-түлік тауарлары ішінен қызылша, сәбіз, картоп, жарма, майлар, пияз, ет, қант, нан-тоқаш, кондитерлік және макарон өнімдері, сүт өнімдері қымбаттады.Азық-түліктің негізгі 19 түрі бойынша баға жағдайына қатысты барлық өңірлерде бағаның өсуі байқалады.Мысалы, Ерейментау ауданында азық-түліктің 18 түрінен баға өсуіне жол берілген,Көкшетау қаласы, Ақкөл, Аршалы, Бұланды, Бурабай, Жақсы, Қорғалжын, Целиноград, Шортанды – 17 түрінен, Атбасар, Біржан сал, Есіл, Зеренді, Сандықтау аудандары және Степногорск қаласында 16 түрінен өсімге жол берілген.2021 жылы тауар өндірушілермен және сауда нысандарымен 971 келісім жасалды, 1,9 миллиард теңгеге 356 ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтті.

Бағаны тұрақтандыруға 2021 жылы облыстық бюджеттен 1,1 миллиард теңге бөлінді. 2022 жылы«айналым схемасына» тағы 400 миллион теңге бөлу көзделген. Кәсіпкерлік және туризм, ауыл шаруашылығы басқармасы, «KOKSHE» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы, өңірлердің әкімдеріоблыс аумағында өз өндірісінің азық-түлік өнімдерін өндіру және жылжыту;сауда кәсіпорындары, тауар өндірушілер және көтерме жеткізушілер арасында меморандумдар жасасуды және олардың орындалуын қамтамасыз ету;тұрақтандыру қорының резервтері мен қаражатын пайдалана отырып, әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының негізсіз өсуін тежеу бағытында өз жұмыстарын жандандыра түсуге тиіс.

Жұмыспен қамту саласында 2021 жылы облыста18 516 жаңа жұмыс орны ашылған. Жалпы барлық аудандар бойынша жоспардың орындалуыжаңа жұмыс орындарын құру бойынша 100 пайыздан жоғары.Сондай-ақ, «Еңбек»нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының көрсеткіштері орындалды. Іс-шаралармен 8 мыңнан астам жұмыссыз адам өзін-өзі жұмыспен қамтыды, бұл жоспардың 107,6 пайызға орындалғаны.

Бірінші бағыт бойынша техникалық және кәсіптік оқытумен 1190 адам немесе жылдық жоспардың 100 пайызы қамтылды, қысқа мерзімді оқытуға 561 адам жіберілді немесе 112,2 пайыз деген сөз. 2-ші бағыт аясында да оң динамика байқалады. 802 грант берілді немесе жылдық жоспардың 104,3 пайызы. «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға1495 адам немесе жоспардан 115 пайыз адам жолданды. 2085,1 миллион теңгеге 413 шағын несие берілді.3-ші бағыт шеңберінде қоғамдық жұмыстарға 2 475 адам жіберілді , ол жылдық жоспардың 108,2 пайызы.

Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 5,5 миллиард теңгеге 11 жоба жүзеге асып, онда 379 уақытша жұмыс орны құрылды. Целиноград ауданындағы Төңкеріс ауылында бюджет қаражаты толық игеріліп, 110 орындық модульді мектеп сатып алынды.Аз қамтылған және көп балалы отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету бойынша белсенді жұмыс жүргізілді.2021 жылы 2 747 отбасына 926,5 миллион теңге атаулы әлеуметтік көмек төленді, 3 442 балаға гигиеналық құралдар таратылдыжәне азық-түлік жиынтығы 168,2 миллион теңге болды.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мүдделі облыстық басқармалармен, өңірлердің әкімдерімен бірлесіп жоспарланған 17 649 жұмыс орнын құруды қамтамасыз ету (оның ішінде тұрақты-10 590 орын);аз қамтылған және көп балалы отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсетуді қамтамасыз етуі қажет.Сонымен қатар, жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасынаәлеуметтік бағдарламалар және құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасымен бірлесіп, Жұмыспен қамту Жол картасының 10 өтпелі жобасын уақтылы іске асыруды қамтамасыз ету керек.

Жыл қорытындысымен «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде 6,8 миллиард қаражат бөлінген болса, оны игеру 8,5 миллиард теңге немесе 80,6 пайызболды.Қаражаттың игерілмеуіне Атбасар, Зеренді, Бурабай, Біржан сал, Жақсы аудандары мен облыстық білім басқармасы жол берген.

Ағымдағы жылға арналған міндеттер бұрынғысынша 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік кірістер түсімдерін ұлғайту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру және бюджетке түсетін түсімдердің өсу қарқынын 106,8 пайыздан төмен емес деңгейде қамтамасыз ету.Бұдан басқа, жергілікті бюджеттер кірістері мен жалпы сипаттағы трансферттердің алдағы қаралуына байланысты2023-2025 жылдарға арналғанмемлекеттік кірістер департаментімен жергілікті бюджетке түсімдерді болжау бойынша дайындық жұмыстарын бастау қажет.

Өткен жылдың тиісті кезеңінен салыстырғанда бүгінгі көрсеткіш төмен емес, бұл өз кезегінде бірінші тоқсанның және жалпы жылдың қорытындылары бойынша көрсеткіштердің ойдағыдай орындалуына оң әсер етеді деген ойдамыз. Президентіміз алға қойып отырған жаңа Қазақстанды құру міндеті ендігі арада экономика, әлеуметтік-саяси сала болсын, осының бәрінде де жұмыла әрекет етуімізді талап етеді.  Сонда ғана көзделген асулар, межеленген биіктер алынатын болады.

Қанат Дүзелбаев,

Ақмола облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар