Бас прокуратура: қаңтар оқиғасы бойынша 3 770 қылмыстық іс қозғалды

Қаңтар оқиғасы бойынша 3 770 қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР Бас прокуроры Берік Асылов Мәжілістің жалпы отырысында «қаңтар қасіреті» бойынша тергеу барысы туралы депутаттардың сауалына берген ауызша жауабында айтты. «Мемлекет басшысы құқық қорғау және арнаулы органдарға қаңтар оқиғасы себептерін егжей-тегжейлі тергеп, тексеруді тапсырды. Аталған фактілер бойынша барлығы 3770 қылмыстық іс қозғалды. Басым бөлігі Ішкі істер министрлігінің өндірісінде.

 

Олар: адам өлтіру, ұрлық, қарақшылық. бұзақылық қару ұрлау», – деді Бас прокруор Оның мәліметі бойынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеудің заңсыз тәсілдерін қолдау фактілері бойынша 234 іс жүргізуде. «Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекетке опасыздық жасау, билікті басып алуға әрекет ету және аса ірі мөлшерде пара алу бойынша 15 істі тергеуде. Бұл істер бойынша Ұлттық қаупісіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Мәсімов және оның үш орынбасары сот санкциясымен қамауға алынды. Осы, органның тағы 2 басшысы, билікті асыра пайдалану күдігімен, қылмыстық жауапқа тартылуда», – деді Берік Асылов.

 190 Total Views,  2 Views Today

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар