Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Президент: Қаңтар оқиғасына кінәлілердің бәрі жазаланады - АРҚА АЖАРЫ

Президент: Қаңтар оқиғасына кінәлілердің бәрі жазаланады

Қаңтар оқиғасына қатысы бар күштік құрылым өкілдерінің ісі үдемелі қарқынмен, «құпиялық» режимінде жалғасып жатыр. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Күш құрылымдарының өкілдері мен олардың сыбайластарының астыртын келісімі жөніндегі істі тергеу үдемелі қарқынмен, «құпиялық» режимінде жалғасып жатыр. Алдымызда куәгерлермен, сараптама жүргізу, түрлі деректерді зерделеу бойынша үлкен жұмыс күтіп тұр. Бір нәрсені айта аламын. Жоғары басшылықты ығыстырып, оны халық пен әлем қауымдастығы алдында дискредиттеуді мақсат еткен ауқымды, әр тетігіне дейін ойластырылған операция болды», — деді Мемлекет басшысы. Оның айтуынша, қастандық ұйымдастырушылар бұл мақсатқа Алматы қаласын ерекше мақсатта пайдаланбақ болған.
«Осы мақсатқа жету үшін астыртын келісім жасаушылар ойланбастан біздің ең ірі қаламыз — Алматыда хаос орнату, адамдардың көңіліне үрей ұялату, елдегі ахуалды тұрақсыздандыру туралы тапсырма алған, кәсіби дайындалған жауынгерлерді қолданды. Сондықтан бұл қайғылы оқиғаларға кінәлі адамдардың бәрі олар қоғамда қандай лауазым мен беделге ие екеніне қарамастан жаза арқалайтынына сендіремін», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар