Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көтерілген мәселер шешімін табады - АРҚА АЖАРЫ

Көтерілген мәселер шешімін табады

    «Аманат» партиясы облыстық филиалының төрағасы, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев өтініштері бойынша  тұрғындарды қабылдап, сұрақтарына жауап берді.

Целиноград ауданынан бейнебайланыс арқылы хабарласқан  Жазира Таңатарова өзінің «Атамекеннің» ұлттық кәсіпкерлікті дамыту палатасының кәсіпкерлер даярлайтын арнайы курсын бітіріп, несие рәсімдеп, оған мал алып, кәсібін дамытып келе жатқанын, енді мал жаятын өріс таппай отырғанын айтып, арызданды. Облыс әкімі байланыста отырған Целиноград ауданының әкімінен кәсіпкер шағымы туралы түсінік беруді сұрады. Аудан басшысы «Тайтөбе» әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясы басшыларымен келіскенін, шағымданушының сол корпарация құрамына алынып, мәселелері шешілетінін хабарлады. Бұған дейін кәсіпкердің ол ұсынысына «Тайтөбліктер» қарсы болып келіпті.

Қабылдауға келген 82 жасар А. Қапарова осындан 14 жыл бұрын барак типтес үйлерінің өртеніп кеткенін, сол жолы өздерімен бірге жапа шеккен 5 отбасының жаңа пәтерлер алғанын, тек өздеріне ғана пәтер бөлінбегенін айттып, көмек сұрады. Өзіне қарап отырған ұлы жүрегіне ота жасатқан. Сол себепті жұмыссыз, жұмыс жасауды денсаулығы көтермейді.

Өңір басшысы бұл мәселенің анық-қанығын білу үшін прокуратураға арыз түсіру керек екенін, ал ұлының денсаулығын комиссия тексергенінің жөн екендігін, жұмыс жасауға жарамсыз болса, мүгедектік құжаттарын рәсімдеу дұрыс болатынын айтты.

Облыс орталығының «Сары Арқа» шағын ауданында  тұратын Ляззат Байманова өздеріне өткен жылы уәде етілген футбол алаңының әлі салынбағанын айтып арызданды. Өңір басшысы Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайсаға футбол алаңын биыл міндетті түрде пайдалануға беруді тапсырды.

« Bilim Foundation» қоғамдық қорының жетекшісі Жанат Жақыпов өз фирмасы айналысатын мектеп психологиясы қызметін қаржыландыру қажеттігін алға тартты. Әкім облыстық білім басқарамасының басшысы Бейбіт Жүсіповтен орын алған жағдайды түсіндіруді сұрады. Ол алға қарай бұл мәселеге қаражат қарастырылатынын жеткізді.

Зеренділік Юрий Васильев жер дауын көтеріп келіпті. Бірақ, осыған дейін ол кезекті сот инстанцияларынан өтіп, енді Жоғарғы Сотқа арыз жазған екен. «Демек, сот шешімін күту керек. Оған дейін басқа мемлекеттік органдарды бұл іске араластырудың жөні жоқ.» деп жауап берді әкім.

Сөйтіп, «Аманат» патриясы облыстық филиалының төреағасы, облыс әкімі Ермек Маржықпаев бұл күні тіркелген барлық тұрығынның арыз-шағымын мұқият тыңдап, сұрақтарына жауап берді.

                                                                       Серік Сапарұлы,

                                                           «Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суретке түсірген Берік Ескенов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар