Атбасар ауданында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы бақылауда

Атбасар ауданында тұрақты негізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасына мониторинг жүргізіліп тұрады.

2022 жылдың 1 тоқсанында 19 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің шекті бағасымен салыстырғанда Атбасар ауданында бағаның 15 пайыздан жоғары өсуі байқалған жоқ.
Биылғы жылғы наурыздың 26-да Атбасар ауданының әкімі Аманбек Қалжанов бірқатар ірі бөлшек және көтерме сауда орындарында болып, әлеуметтік маңызы бар санатқа кіретін өнімдердің бағаларына назар аударды.

Сондай-ақ бағаның өсуі және тауарлардың белгілі бір санатының тапшылығына қатысты кәсіпкерлер және тұрғындардың пікіріне құлақ асты.
Сонымен қатар, аудан әкімі кәсіпкерлерге әлеуметтік маңызы бар азық – түлік тауарларына сауда үстемесінің сатып алу бағасының 15 пайыдан аспауы керектігін еске салды.
Айта кетейік, 2021 жылғы желтоқсандағы баға деңгейімен салыстырғанда, қазіргі уақытта әлеуметтік маңызы бар өнімдерге бағаның өсуі орта есеппен 5-6 пайыздан аспайды.

Мысалы, майлылығы 2.5 пайыз бір литр сүттің бағасы 331 теңгені құрайды, бұл 2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 5,1 пайызды немесе 17 теңгені құрайды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар